"Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № А-8/457 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 қарашада № 4430 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені Ақмола облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ А-8/457 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.
      9. Мемлекеттiк органның толық атауы: мемлекеттік тілде – "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      13. Миссиясы: өз құзыреті шегінде облыс аумағында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, тұрғын-үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.04.2015 № А-4/170 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      14. Мiндеттерi:
      энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
      коммуналдық қызмет көрсету саласында тұрақты жұмысты қамтамасыз ету (электр-, жылу-, газ-, сумен қамсыздандыру, су тарту).
      15. Функциялары:
      1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары болып табылатын Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу және ұсыныс жасау;
      3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары болып табылатын Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;
      4) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау;
      5) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруы;
      6) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;
      7) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсыну;
      8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыруы;
      9) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
      10) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
      11) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы құрастырылған объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері), қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушылар (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) ұйымдарымен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      12) жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеу;
      13) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
      14) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;
      15) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлеу;
      17) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы қаулы жобаларын әзірлеу;
      18) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;
      19) коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
      20) тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану нормаларын әзірлеу;
      21) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/136 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) барлық деңгейдегі ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің саласына қатысты ақпараттарды белгіленген тәртіп бойынша сұратып алу;
      2) өз құзыреті аясында ұсыныстық сипаттағы құжаттар қабылдау және оларды қандай меншік түріне жататындығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға тарату;
      3) әлеуметтік сала және коммуналдық шаруашылық объектілерін пайдалануға қабылдау комиссиясына қатысу.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшының қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасарлары болады.
      20. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
      1) "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) Заңнамаға сәйкес "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін, лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      4) мемлекеттік мекемелерде, басқа да ұйымдарда "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауап береді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметiнің нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады