"Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/420 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № А-5/150 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 5346 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № А-7/280 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 13.06.2016 № А-7/280 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/420 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген, "Акмолинская правда", "Арқа ажары" газеттерінде 2014 жылғы 16 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
      15-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) жер қойнауын пайдалану (өндіру бойынша; бірлескен барлау және өндіру бойынша; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдарды, мұнай және газ өндеу объектілерді, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес индустриялды–инновациялық қызметі субъектілерінің индустриялды–инновациялық жобалары үшін, инвестициялық басымды жобаларды жүзеге асыру, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін, жер учаскелерін беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезінде және оларды өндіру, магистральды құбыр жолдарын салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерді мемлекеттік қажеттілігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;".
      2. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін өзгерістің қоса берілген мәтіні бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 сәуірдегі
№ А-5/150 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне енгізілетін өзгерістің мәтіні

      15-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) жер қойнауын пайдалану (өндіру бойынша; бірлескен барлау және өндіру бойынша; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану), магистральды құбыржолдарды, мұнай және газ өндеу объектілерді, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес индустриялды–инновациялық қызметі субъектілерінің индустриялды–инновациялық жобалары үшін, инвестициялық басымды жобаларды жүзеге асыру, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін, жер учаскелерін беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезінде және олдарды өндіру, магистральды құбыр жолдарын салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерді мемлекеттік қажеттілігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады