РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4631 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2015 жылғы 12 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармағының 7), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"7) тексерістерді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;";
"9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;".
2. "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
3. "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевқа жүктелсін.
5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № А-5/161 қаулысымен бекітілген |
"Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің мәтіні
15-тармағының 7), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:"7) тексерістерді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;";
"9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;".