"Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-5/156 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 5349 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/174 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.04.2017 № А-4/174 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/15 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4652 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 13 наурызында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ А-5/156 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ А-1/15 қаулысына
2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымдық немесе дистрибьюторлық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарламаның болуы (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қоспағанда).
      2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың өтінімдеріне сәйкес қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін аталық бұқалардың ұрығын, ілеспе материалдарды жеткізу және Дьюар ыдысына сұйық азот құюды іске асыру немесе аталған материалдарды сатып алу жөніндегі келісімшарттың болуы.
      3. Бағаланған аталық бұқалардың ұрығымен ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады