"Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/276 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № А-5/167 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда № 5370 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № А-2/48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 05.02.2020 № А-2/48 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 болып тіркелген, 2015 жылдың 28 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар мен 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) аталған қаулының 1-тармағындағы 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi.";
      аталған қаулымен бекітілген "Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызметінің регламентінде:
      атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";
      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетілетін қызметті берушімен немесе www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі.";
      5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшiн Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ А-5/167 қаулысымына
№ 1 қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/276 қаулысымен
бекітілді

"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлектеттік көрсетілетін қызмет) "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз.
      3. Спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшiн Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезден бастап көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және басшылыққа тапсыруды жүзеге асырады – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;
      3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын талаптарға сәйкестігін тексереді және оларды спорттық разрядтар мен категорияларды беру жөніндегі Комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) отырысына тапсырады – 1 күнтізбелік күн;
      4) Комиссия ұсынылған құжаттарды келіп түскен күннен бастап 26 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде спорттық разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы шешім қабылдайды;
      5) жауапты орындаушы Комиссия хаттамасының негізінде спорттық разряд немесе санат беру туралы материалдарды дайындайды – 1 күнтізбелік күн;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы барлық материалдармен танысады - 1 сағат;
      7) жауапты орындаушы бұйрықты бекітіп, мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналына тіркейді – 15 минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы Мемлекеттік корпорация курьеріне спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін береді – 15 минут.
      7. Төмендегі рәсімдерді (іс-қимылдың) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) Мемлекеттік корпорация курьеріне қол қойылған тізілімді беру;
      2) жауапты орындаушыны анықтау;
      3) құжаттарды жауапты орындаушыға беруі;
      4) Комиссия отырысының хаттамасы;
      5) спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы және спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықты дайындау;
      6) спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік корпорация курьеріне беру;
      7) мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі журналға белгілеу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      4) Комиссия.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) кезеңділігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдайды – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қойып, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 1 сағат;
      3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексеріп, оларды Комиссия отырысына дайындауды жүзеге асырады – 1 күнтізбелік күн;
      4) Комиссия ұсынылған құжаттарды келіп түскен күннен бастап 26 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы шешім қабылдайды.
      5) жауапты орындаушы спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы материалдарды әзірлейді – 1 күнтізбелік күн;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы спорттық разряд беру туралы куәлікке, спорттық санат беру туралы куәлікке немесе спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрыққа қол қояды – 1 сағат.
      7) жауапты орындаушы бұйрықты бекітеді және оны мемлекеттік қызметті көрсетудің журналына тіркейді – 15 минут.
      8) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі Мемлекеттік корпорация курьеріне спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін береді – 15 минут.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге қызметті берушілермен қарым-қатынас жасау тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:
      1-процесс – Мемлекеттік корпорация инспекторы ұсынылған құжаттарды тексереді, қызмет алушының өтініштерін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдағаны туралы күні мен уақыты көрсетілген қолхат береді, 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2-процесс – осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген қызмет берушінің рәсімдері (іс-әрекеттері);
      3-процесс - Мемлекеттік корпорация инспекторы тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін береді.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      Құжаттарды тапсыру үшін максималды күту уақыты – 15 минут.
      Максималды қызмет көрсету мерзімі – 15 минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) "Спорт шеберіне кандидат" спорттық разрядын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
      спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
      2) "1-разрядты спортшы" спорттық разрядын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
      спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
      3) "біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы", "біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы" біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      алдыңғы санатты беру куәлігінің көшірмесі немесе ол туралы бұйрықтан үзінді көшірме;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
      спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен куәландырылған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыс федерациясы мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      4) "біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер", "біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер" біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      алдыңғы біліктіліктін берілгені туралы бұйрықтан куәліктің көшірмесі немесе үзінді;
      5) "біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы" біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      білімі туралы димпломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
      6) "бірінші санатты спорт төрешісі" біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
      спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;
      қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара қарым-қатынас шаралары (іс-әрекеттері) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара қарым-қатынас тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы
cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi
бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


      Шартты белгілер:
     


  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ А-5/167 қаулысымына
№ 2 қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/276 қаулысымен
бекітілді

"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының дене шынықтыру және спорт бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз.
      3. Спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      5. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыруы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-әрекеттің) басталуына негіз болады.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және басшылыққа тапсыруды жүзеге асырады – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;
      3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және оларды спорттық разрядтар мен санаттар беру жөніндегі Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысына тапсырады – 1 күнтізбелік күн;
      4) Комиссия ұсынылған құжаттарды келіп түскен күннен бастап 26 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы шешім қабылдайды;
      5) жауапты орындаушы Комиссия хаттамасының негізінде спорттық атақ, разряд немесе санат беру туралы материалдарды дайындайды – 1 күнтізбелік күн;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы барлық материалдармен танысады - 1 сағат;
      7) жауапты орындаушы бұйрықты бекітіп, мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналына тіркейді – 15 минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы Мемлекеттік корпорация курьеріне спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін береді – 15 минут.
      7. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) Мемлекеттік корпорация курьеріне қол қойылған тізілімді беру;
      2) орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;
      3) құжаттарды жауапты орындаушыға беруі;
      4) Комиссия отырысының хаттамасы;
      5) спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы және спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықты дайындау;
      6) спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы және спорттық атақ, разряд немесе санат туралы бұйрықтың көшірмесін беру;
      7) мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі журналға белгілеу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      4) Комиссия.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) кезеңділігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдайды – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қойып, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 1 сағат;
      3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексеріп, оларды Комиссия отырысына дайындауды жүзеге асырады – 1 күнтізбелік күн;
      4) Комиссия ұсынылған құжаттарды келіп түскен күннен бастап 26 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы шешім қабылдайды.
      5) жауапты орындаушы спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы материалдарды әзірлейді – 1 күнтізбелік күн;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрыққа қол қояды – 1 сағат.
      7) жауапты орындаушы бұйрықты бекітеді және оны мемлекеттік қызметті көрсетудің журналына тіркейді – 15 минут.
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Мемлекеттік корпорация курьеріне спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін береді – 15 минут.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге қызметті берушілермен қарым-қатынас жасау тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:
      1-процесс – Мемлекеттік корпорация инспекторы ұсынылған құжаттарды тексереді, қызмет алушының өтініштерін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдағаны туралы күні мен уақыты көрсетілген қолхат береді, 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы Стандарта көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      2-процесс – осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген қызмет берушінің рәсімдері (іс-әрекеттері);
      3-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар пакетін қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      Құжаттарды тапсыру үшін мүмкін максималды күту уақыты – 15 минут.
      Мүмкін аксималды қызмет көрсету мерзімі – 15 минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) "2-разрядты спортшы", "3-разрядты спортшы", "1-жасөспірімдік разряд спортшысы", "2-жасөспірімдік разрядты спортшы", "3-жасөспірімдік разрядты спортшы" спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
      спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      2) "біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы", "біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы" біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
      спорт түрлер бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      3) "біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер", "біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер" біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      4) "біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы" біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
      5) "спорт төрешісі" біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара қарым-қатынас шаралары (іс-әрекеттері) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара қарым-қатынас тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы,
1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар
мен 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар мен 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     

Шартты белгілер:
     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады