Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңде шектеулер туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № А-7/243 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 маусымда № 5430 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 63 бабындағы 4-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өрт қаупі жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргізуге шектеу қойылсын.
      2. "Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт шығу қаупі жоғары кезеңіндегі шектеулер туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № А-5/297 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3257 болып тіркелген, 2008 жылдың 19 шілдесінде "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады