Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № А-7/254 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 шілдеде № 5440 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 маусымдағы Заңының 13-бабы, 1-1 тармақтағы 6-8) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса ұсынылып отырған елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевқа жүктелсін.
      3. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ А-7/254 қаулысымен
бекітілді

Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы 1. Жалпы ережелер

      1. Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің осы сыныптамасы (бұдан әрі – сыныптама) Ақмола облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін анықтайды (бұдан әрі – көшелер).
      2. Осы сыныптамада келесі анықтамалар қолданылады:
      1) жол шаруашылығының объектісі (бұдан әрі – ЖШО) –табиғи-ауа райы жағдайларына қарамастан жылдың кез келген уақытында көліктің және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына арналған жол имараты;
      2) жол төсемесі –қала көшелерінің жүру бөлігінің шегіндегі көп қабатты құрылым, оның құрамына жол жамылғысының үстіңгі және төменгі қабаттары, жол негізі және оның құрылымдық қабаты, сондай-ақ өтетін автокөлік құралынан жүктемені алатын және оны топыраққа беретін жол төсемесінің жамылғы бөлігі жатады;
      3) қала көшелерін және жол имараттарын пайдалануды басқару – қала көшелерінің және жол имараттарының талап етілетін техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану ахуалын қамтамасыз ету үшін ЖШО инструменталды диагностикалау және техникалық есепке алу, жағдайын мониторингілеу негізінде жол-жөндеу жұмыстарының экономикалық негізделген стратегиясын әзірлеу арқылы қалалық жол шаруашылығын басқарудың жол-пайдалану органдары мен әкімшілік-шаруашылық органдарының ұйымдастырушылық және регламенттік іс-шараларының кешені;
      4) жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) – ЖШО құрылымдық және конструктивті элементтерін және жол имараттарының зақымдануына, сондай-ақ оның қатысушыларына, ЖШО меншік иелері мен жол имараттарына және мемлекетке материалдық, физикалық және өзге де шығын әкелген автомобиль жолдарында (осы іргеде қала жолдарында) орын алған көлік құралдарымен және жол қозғалысының басқа да қатысушыларымен жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты болатын оқиғалар.
      3. Көшелердің күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жол жұмыстары келесі топтарға жіктеледі:
      1) көшелер мен жол имараттарын пайдалануды басқару;
      2) көшелерді, оларды қысқы күтіп ұстауды қоса алғанда, күтіп ұстау және жасыл желектерді баптау;
      3) ЖШО жол таңбаларын қоса алғанда көше-жол торабының ЖШО ағымдағы жөндеу және авариялы жөндеу;
      4) орташа және күрделі жөндеу.

2. Көшелерді және жол ғимараттарын пайдалануды басқару

      4. Көшелерді және жол имараттарын пайдалануды басқару келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
      1) көшелер мен жол имараттарының ЖШО жағдайына мониторинг жүргізу және ЖШО техникалық есепке алу;
      2) көше-жол торабының көліктік-пайдалану ахуалына құралды диагностикалау және алынған нәтижелерді талдау;
      3) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу, жол-жөндеу жұмыстарын, оларды орындаудың мерзімдерін жоспарлау, қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
      4) көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) көшелер мен жол имараттарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды мерзімінен бұрын ескіруінен сақтау;
      6) көшелерді жөндеу мен күтіп ұстауда нормативтік базаны жетілдіру және өзектендіру;
      7) көшелерді және жол имараттарын пайдалануды басқару жөніндегі жұмысты орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау.

3. Көшелерді, оларды қысқы күтіп ұстауды қоса алғанда күтіп ұстау және жасыл желектерді баптау

      5. Көктемгі, жазғы, күзгі маусымдарда көшелерді ЖШО құрылымдық және конструктивті элементтерін күтіп ұстау кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:
      1) жер қабаты және су бұру жүйесі бойынша:
      жол жамылғысын шұңқырлы жөндеу, сырғуға төзімді және ескіруге төзімді асфальбетонды төсеу арқылы жамылғының барша еніне немесе қозғалыстың бір немесе бірнеше жолағының еніне міндетті фрезерлеу жолымен жол жамылғысының тұрақсыз қабатын ауыстыру арқылы жүру бөлігінде жолтабандарды және тегіс емес жерлерді жою;
      су бұру арналарын, жол бойғы-арық тораптарын және көктемде қар суын, ал жазда қоқысты шығару арқылы қоқыс пен лайдан тазалау;
      жол жағасында, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және жабу;
      жиектерді, бөлгіш жолақтарды, шөп егуді жоспарлау;
      шабу және шабылған шөптерді жинау;
      шабылған материалдарды жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;
      материалдар қоспасымен жиектер мен бөлгіш жолақтарды, себу бермдерін жоспарлау;
      2) жол жиектері, резервтер мен бөлу жолағы бойынша:
      су ағуын қамтамасыз ету үшін жоспарлау;
      жол жиегін саздан тазалау;
      бөлу жолақтарын, құламаларды және көгалдарды тұрақты түрде тазалықта және бірқалыпта ұстау; қоқыстан және бөгде заттардан тазалау, оларды тиеу және қоқыс орнына шығару;
      жасыл желектерді баптау, кесілген материалдарды жинау арқылы ауру және құрғап қалған жасыл желектерді жоспарлы кесу және отау;
      оталған материалдарды шығару арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаш-талды өсімдіктермен, жабайы өсінділермен күресу;
      қорларда, бөлу жолақтарында шөптерді шабу, шабылған шөптерді қоқыс орнына шығару;
      3) күрделі жамылғыларымен жүру бөлігі бойынша:
      топырақты-құм үйіндісін шығару арқылы жүру бөлігінің науасын тазалау және жамылғысын сыпыру;
      жол жамылғысын қоқыстан тазалау, лайдан жуу, сонымен қатар үстіңгі-белсенді заттары бар концентрациялы жуу құралдарын қолдану арқылы ЖШО жүру бөлігін жуу;
      сумен жүру бөлігін шаңсыздандыру;
      жүру бөлігі мен жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау.
      4) жетілдірілген жамылғыларымен жүру бөлігі бойынша:
      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;
      топырақты-құм үйінділерін шығару арқылы көшелердің жүру бөлігіндегі науаларды тазалау және жамылғысын сыпыру;
      осьтік және қор жолақтарын сыпыру;
      жол жамылғыларын қоқыстан тазалау, лайдан жуу;
      сумен жүру бөлігін шаңсыздандыру;
      жүру бөлігі мен жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау;
      5) ауыспалы жамылғыларымен жүру бөлігі бойынша:
      жамылғыны лайдан тазалау;
      өңделген жамылғыларды сыпыру және сумен жүру бөлігін шаңсыздандыру;
      жамылғыны пішіндеу және тығыздау;
      жамылғыға ұсақ тастарды және таскебектерді сыпыру, катунды тазалау;
      жүру бөлігі мен жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау;
      6) топырақты және топырақты жақсартылған жамылғысымен жүру бөлігі бойынша:
      сумен жүру бөлігін шаңсыздандыру;
      орын алған шұңқырларды, жолтабандарды, басқа да тегіс емес жерлерді жою үшін жамылғыны пішіндеу;
      жүру бөлігі мен жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау;
      7) жаяу жолдар, алаңдар бойынша бөгде қоқыстардан тазалау, сыпыру, жуу және сумен шаңсыздандыру;
      8) көлік құралдарының уақытша тұрақтары, ауыспалы, топырақты жамылғыларымен кіреберіс жолдар бойынша:
      сумен шаңсыздандыру, бөгде заттардан тазалау;
      жаңа материалдарды қосусыз пішіндеу;
      9) жоғарғы қабат су бұру жүйелері, жол бойы-арық жүйесі және жауын-шашын кәрізі бойынша:
      топырақты-құм үйінділерінен және үйінді қоқыстан тазалау;
      су бұру жүйесінің жұмысқа жарамды күйінде тұрақты түрде қолдау, кюветтер мен су бұру арналарын тазалау және пішіндеу, олардың нығайтылуындағы шағын ақауларды жою; жауын-шашын кәріздерінің, дренаждық құрылғылардың шағын ақауларын жою және тазалау;
      жабайы өсінділерді отау;
      10) жаяужолдар, саябақ, бақша, гүлзарлардың, жағалау бойы мен аула ішілік көшелердің алаңдары мен жолдары бойынша:
      жаяужолдарды, алаңдарды және басқа да объектілерді қоқыстан тазалау;
      өтпежолдарды, жаяужолдарды және алаңдарды ылғалдандыру;
      шағын сәулет нысанындағы құралдарды жуу құралдарын қолдану арқылы тазалау және жуу (қоршаулар, жол жайғастыру объектілері);
      11) жол қозғалысы қауіпсіздігінің, ұйымдастыру және реттеудің техникалық құралдары мен объектілері (бұдан әрі – ЖҚ ТҚО) және көшелерді жайғастыру бойынша:
      жаяу жүргінші жолдарын және оны жайғастырудың элементтерін тазалықта және тиісті қалыпта ұстау;
      қоршауларды және дабыл бағандарын, жол белгілерін, ақпараттық жол сілтегіштерді, қалқандарды, билбордтарды тексеру, олардың бекітпелерін тарту, қалқандарды түзету, лай мен шаңнан тазалау, жуу;
      шудан қорғайтын экрандарды лайдан және қоқыстан тазалау, жуу;
      автобус аялдамаларын, демалу аалңдарын, автопавильондарды тексеру, лай мен қоқыстан тазалау.
      6. Қыс маусымында күтіп ұстау жұмысына жатады:
      1) көшелерді қысқы тазалау, оның ішінде:
      алғашқы кезектегі операция:
      көктайғаққа қарсы материалдармен көшенің жүру бөлігін жаппай өңдеу (төсеу);
      көшелердің жүру бөлігінен және ЖШО құрылымдық элеметтерінен қарды механикалық сыру және жүру бөлігінде қарды "төсеу-сыпыру" режимінде науаларда қарды үйінділерге жинастыру;
      көшелердің жүру бөлігінің және өтпежолдар науаларының бойында қар үйінділерін құрастыру, жүру бөлігінен және жаяу жолдардан тазаланатын қарды науа бөлігіне, уақытша жинастыру және одан кейін шығару үшін көшелердің жүру бөлігінен, өтпе жолдардан, жаяу жолдардан және ЖШО басқа да құрылымдық элементтерінен тазаланатын қар массасынан қарды жылжыту;
      қарды жол жиектеріне, құламаларға және бөлу жиектеріне алдағы уақытта шығару арқылы жылжыту;
      жүру бөлігінде және жаяу жолдарда мұзды жинастыру және қар-мұзды құрылымдарын шығару;
      қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін ЖШО және ЖҚ ТҚО құрылымдық элеметтерін орын алған қар жамылғылары мен мұздан тазалау;
      бір деңгейдегі (қиылыстарда) және тоғысқан көше, темір жол қиылыстарында, қалалық жолаушылар көлігінің аялдамаларында, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға кіреберістерде, аулаларға және квартал ішілік кіреберістердің алдында, жаяу жүргіншілердің жолдарында, жаяу жолдарда қар үйінділерін бөлшектеу (қар үйінділерін жылжыту) құрылғысы;
      алдағы уақытта шығару үшін бөлу жолағында жүру бөлігінен жиналған қарды жинастыру;
      жасыл желектердің сақталуы және ерінді сулардың ағуы қамтамасыз етілу жағдайында алдын ала дайындалған алаңдарда, жаяу жүргіншілер жолдарынан жинау барысында жинақталған химиялық реагенттері жоқ қарды саябақтарда, орман бақтарында, бақшаларда, гүлзарларда және басқа да жасыл аймақтарда жинастыру;
      қалалық жолаушылар көлігінің аялдамаларынан, жер үсті жолаушылар өтпежолдарынан, көпірлерден және жол өтулерден қарды алғашқы кезектегі (таңдаулы) шығару;
      екінші кезектегі операция:
      қар массасын тиеу және шығару арқылы ЖШО құрылымдық элементтерінен қар үйінділерін шығару;
      өздігінен аударатын көлікке тиеу немесе бос аумаққа ауыстыру алдында жаяу жол жиегінен автогрейдермен қар үйіндісін өңдеу;
      қар шығарылған соң жүру бөлігінде жол науаларын тазалау;
      қарды түпкілікті (жаппай) шығару кезектілікке сәйкес алғашқы кезектегі шығару аяқталуы бойынша және тапсырыс берушімен арнайы дайындалған алаңға жүргізіледі;
      ЖШО қарды шығару (қоғамдық көлік аялдамаларынан, жаяу жүргінші жолдарында, көпірлерден, өтпежолдардан, эстакададан, тоннелдерден; халық көп баратын және жаяу жүргіншілер қарқынды қозғалысы жерлерінде және әлеуметтік маңызды объектілерде);
      қар массасын жаппай шығару:
      қосындыларды жеткізу, дайындау, сұйық және қатты реагенттерді дайындау, көктайғаққа қарсы материалдарды жинау және олармен алдағы уақытта жол жамылғыларын өңдеу;
      жүру бөлігінен талап етілетін уақытта тазалау арқылы фрикционды, химиялық көктайғаққа қарсы материалдармен жүру бөлігін өңдеу;
      жүру бөлігін сыпыру басталатын жағынан бөлу жолағымен қоса магистральдарда екі метрлі науа аймақтарын жақтау тасына дейін қардан және сүрлемелерден тұрақты түрде тазалау;
      трасса маңы қорларынан қала көшелерінің жүру бөлігінің науа маңы аймағынан жақтау тасына дейін қардан және қатқан судан тұрақты түрде тазалау;
      бөлу жолақтарында, жаяужолдарда, аялдама қалталарында, аялдама павильондарында және жерүсті жолаушылар көлігінің отырғызу алаңдарында, жаяу жүргінші жолдарында, қар көшкіні мен көктайғақ кезінде болсын, сонымен қатар одан кейін де қардан және мұздан тұрақты түрде тазалау;
      бөлгіш бетон қабырғаларды, металл қисықжолақты брустарды, кедергілік қоршауларды, жол белгілерін және жол сілтегіштерді қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін қардан және қатқан судан тұрақты негізде тазалау;
      көпір имараттарында, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілердің жолдарында баспалдақ жолдарды қардан және мұздан тазалау;
      жаяу жүргіншілердің жолдарын, бақша дивандарын, урналарды және ЖШО элементтерін, сондай-ақ олардың алдындағы кеңістікті, жақтауларын және кіреберістерін қардан және қатқан судан тазалау;
      қар көшкініне қарсы іс-шаралар өткізу;
      табиғи су көздерінде қатқан сумен күресу;
      бөлшектелген мұздарды және қоқысты белгіленген жерге шығару арқылы инженерлік тораптардағы аварияның салдарынан орын алған жолдардың жүру бөліктерінде және жаяу жолдарда қатқан суларды жою;
      жол техникасы тұрақтарын және жылытылатын пункттерді жылумен қамтамасыз ету;
      көктайғақ жамылғысымен учаскелерде қысқа мерзімді қолданыстағы жол белгілерін орнату;
      жол техникасы мен механизаторлардың тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыру;
      жетіспейтін белгілерді және қоршауларды орнату;
      зақымдауларды жою, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол белгілерінің қалқандарын және қоршауларды толық ауыстыру;
      Көлік пен жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысына кедергі келтірмейтін жерлерде жинастыру арқылы жаяу жолдарды, ауладағы жаяу жүргінші жолдарын және аумақты қардан және асфальтты қатқансудан қыс маусымындағы тазалау және жинастыру, көктайғаққа қарсы материалдарды шашу;
      аула ішілік көшелерді қысқы тазалау (қысқы күтіп ұстау), оның ішінде:
      жаңадан түскен қарды сыпыру;
      2 сантиметрден астам қалыңдығымен жаңа түскен қарды жылжыту;
      көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
      қатқан судан және мұздан тазалау;
      қар жиналатын жерлерге қар мен мұзды шығару;
      қар жаумаған күндері сыпыру;
      контейнерлік алаңдарды тазалау;
      урналарды қоқыстан тазалау және оларды залалсыздандыру.
      7. Жасыл желектерді баптауға келесі жұмыс түрлері жатады:
      1) топырақты баптау (трактормен культивациялау, топырақты қатармен қопсылау, арамшөптермен химиялық күресу);
      2) өртке қарсы жырту;
      3) құрғақ орман алқаптарын санитарлық және алдын алу отауларын және түптеу жүргізу, аумақты тазалау арқылы құлаған ағаштарды кесу, қорғалатын аймақта талдар мен бұтақтарды (1 метр радиусында), электр сымдарын, сондай-ақ көше атауларын және үйлердің нөмірлік белгілерін жабатын талдарды кесу, ұйымдастырылған қоқыс орындарына кесілген дөңбектерді шығару;
      4) су құю және баптау.
      8. Жол бойғы гүлзарларды, бақшаларды және сәнді гүлді желектерді баптау жұмысына жатады:
      1) топырақты отырғызуға, сонымен қатар гүлзарларды құрастыруға даярлау;
      2) тұқым дайындау және өсінділерді өсіру;
      3) отырғызу, су құю және топырақты тыңайтқыштандыру;
      4) арамшөптерді түптеу, жинастыру және шығару;
      5) вегетациялану мерзімі аяқталған бір жылдық өсімдіктерді жинастыру және ұйымдастырылған қоқыс орындарына шығару;
      6) жол бойғы гүлзарларға құнарлы топырақ әкелу және төсеу, оны жаңасына ауыстыру;
      7) топыраққа су құю, тыңайтқыштандыру, гүлзарларды кесу, шабылған шөптерді жинау және қоқыс орнына шығару.

4. Көше-жол трабының ЖШО, ЖШО жол таңбалануын қоса алғандағы ағымдағы жөндеу және авариялы жөндеу

      9. Көшелердің көше-жол тораптарын және жол имараттарын ағымдағы жөндеу барысында келесі жұмыс түрлері орындалады:
      1) жер жамылғысы және су бұру бойынша:
      жер жамылғысының, су бұрулардың, қорлардың, қорғау, нығайту және реттегіш имараттарының жекелеген шағын зақымдануларын түзету;
      жекелеген учаскелерде 100 текше метрге дейін көлемімен көлік құралының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін төселуімен жол жиектеріне төсеу, отау және жоспарлау;
      материалды қосу арқылы себілетін бермді жоспарлау;
      2) жол төсемесі бойынша, сонымен қатар:
      асфальбетонды жамылғысымен:
      шағын деформациялануларды және зақымдануларды (отырған, жарылған жерлерді бітеу), 1 шаршы метрге дейін ауданымен шағын дара ісінулерді, ұсақтануларды жою, жамылғыларды жарықшаларды бітеу, жол жамылғысын шұңқырлы жөндеу, жолтабандарды жою;
      асфальтбетонды және цементбетонды жамылғыларды қабыршықтану және сырлау учаскелерінде эмульсиялы-минералды қоспалардан қорғаныс қабатын құрастыру;
      эмульсиялы-минералды қоспалардың екі қабатын төсеу немесе 0,8 метрге дейін енін төсеу жолақтары бойынша үстіңгі қабатты өңдеу жолымен 300 миллиметрге дейін тереңдігімен жолтабандарды жою;
      жолтаңбаларды қара шағылтаспен немесе асфальтбетонмен толтыру арқылы жолтабандар бойынша дөңестену мен тегіс емес жерлерді ішінара фрезерлеу немесе жалдарды кесу және жамылғының барша еніне эмульсиялы-минералды қоспадан қорғаныш қабатын төсеу;
      оқшаулағыш карталармен ұсақ тұқымды үстіңгі өңдеудің оқшаулағыш қабатын орнату арқылы жарықшалардың дамуын және жарықша торларын тоқтату және оның алдын алу;
      асфальтбетонды жамылғылардың ескірген жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және жекелеген шағын жол учаскелерінің ұзындығы бойынша (20 метр дейін) оларды қайта төсеу;
      шағылтас пен қиыршықтас қосу арқылы шағылтас пен қиыршықтас жамылғыларының пішінін түзету;
      топырақты және топырақты жақсартылған жолдарды пішіндеу, пішінін қалпына келтіру және олардың жүру бөліктерін шағылтаспен, қиыршықтаспен, қожбен және басқа да материалдармен 1000 шаршы метрден 15 текше метрге дейінгі шығынымен жақсарту;
      ісінген және осал топырақты жол учаскелерін күтіп ұстау, оларды уақытша қоршау, ауалы шұңқырларды жабу, жол жамылғысынан және жер қабатынан су бұруды қамтамасыз ету;
      алдын ала жону арқылы жаяужолдарда жамылғыны шұңқырлы жөндеу немесе жаңа қабатын төсеу арқылы ескірген бөлігін алу.
      Асфальтбетонды жамылғыны шұңқырлы жөндеу құрамына көшенің 1 өн бойымен өлшенетін километр 100 шаршы метрге дейінгі көлемде "картамен" жөндеу жатады, оның ішінде:
      талап етілетін тегістікті және кедір-бұдырлықты қамтамасыз ету арқылы жол төсемесінің ескірген жоғарғы қабатын қалпына келтіру.
      монолитті цементбетонды жамылғылар бойынша:
      цементбетонды жамылғылардағы жіктерді жөндеу және толтыру;
      сегменттердің ескірген үстерін қалпына келтіру, цементбетонды жамылғылар сегменттерінің сырғуларын және сынған жерлерін жөндеу, бұзылып қалпына келтіруге келмейтін сегменттерді ауыстыру, цементбетонды жамылғыларды үстіңгі қабатты зақымданулардан қорғау;
      жинақтаулы темірбетонды жамылғылар бойынша:
      темірбетонды жамылғылардағы жіктерді жөндеу және толтыру;
      жекелеген плиталарды көтеру және тегістеу, темірбетон плиталарының сырғуларын және сынған жерлерін жөндеу,жамылғыны үстіңгі қабатты зақымданулардан қорғау;
      көпір жамылғылары бойынша:
      қажеттілігіне қарай бұзылған плиталар мен кеспелтектерді таспен ауыстыру арқылы плиталар мен кеспелтектерден көпір жамылғысын жөндеу;
      шағылтас пен қиыршықтас жамылғылары бойынша: битуммен өңделген жамылғыны қоса таскебек және ұсақ қиыршықтас төсеу;
      қиыршықтасты және топырақты көшелер бойынша:
      1 шақырымға 100 текше метрге дейін жаңа материалдарды қосу арқылы жекелеген учаскелерде қиыршықтасты және топырақты көшелердің пішінін түзету;
      көшелерді хлорлы кальциймен, битуммен және материалдармен шаңсыздандыру;
      көшелердің ісінген учаскелерін күтіп ұстау;
      3) бөлу жолағы бойынша:
      зақымдануларды түзету және үйінділер мен ойықтардың құламаларын жоспарлау (қажеттілігіне қарай топырақ қосу арқылы);
      нығайтылмаған жиектерді төсеу, кесу, жоспарлау және тығыздау;
      4) жасанды инженерлік жол имараттары бойынша:
      шағын зақымдануларды, имараттардың жекелеген элементтерін (тіреу бөлшектері, перилалар, кедергі қоршаулары, төсемдер, бағандар, дуал қабырғалар, дренажды құрылғылар) түзету;
      көпірлердің металл элементтерін оқшаулаулы сырлау;
      құрылымдардағы жарықшаларды торкретирлеу, қалауларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды ішінара ауыстыру;
      арналар арқылы өту және өтпелі көпіршелерді ауыстыру және түзету;
      су үсті көпірлердің, паромды өткелдерді және жағалау құрылғыларының шағын зақымдануларын түзету (конопатка,қаптауларын жөндеу, такелажды түзету);
      көпірлерде, жол құбырларында жүру бөлігінің жамылғысын шұңқырлы жөндеу, жамылғыда жарықшаларды жөндеу;
      өтпежолдар плиталарының ажыратуға тоғысу бөлшектерін герметизациялау;
      деформациялы жіктерді шағын жөндеу;
      бекітпе бұрамалардағы деформациялы жіктерді жою;
      ескі мастикадан алдын ала тазалау арқылы деформацияланған жіктерге мастика құю;
      деформациялық сырғымалы парақтарда дәнекерлеу (олар үзілген жағдайда), жетіспейтін серіппелерді орнату;
      деформацияланған жіктердің тетіктерін және құрылымдарын шағын жөндеу;
      деформацияланған жіктердің аймағында немесе жіктердің үстінде жамылғыны ауыстыру;
      жаяужолдарда асфальтбетонды жамылғының жарықшалары мен ойықтарын жөндеу;
      жаяужолдарда цементбетонды жамылғының жарықшалары мен ойықтарын жөндеу;
      перилалы қоршаулардың сырланатын қабатын оқшаулы қалпына келтіру (сырлау);
      жүру бөлігінде жиектемелі қоршауларда таңбалау енгізу;
      автожолдардың үстіндегі жол құбырларының қасбеттік бағандарының астынан тік таңбалау енгізу;
      автожолардың үстінен жол құбырларының тіреулерінде тік таңбалауын енгізу;
      нығайтудың бетонды плиталарының арасындағы жіктерді цемент қоспасымен ажырату;
      құбырлардың, баулықтардың, құламалы қанаттардың, арналардың кірме және шығыс нығайтпаларының жекелеген зақымданған буындарын ауыстыру және жөндеу, құбыр науаларын тегістеу және тас сұлбасын қалпына келтіру;
      гидрооқшаулағыш құбырларды олардың арасындағы буындары мен секцияларының жіктерін бітеу арқылы конопаткамен жөндеу;
      оқшаулағыш және реттегіш имараттардың шайылған үйінділерініңорындарын жою;
      бірмезетте орындарындағы суларды кетіру арқылы көпірдің топырақпен түйіскен жерінде төсеу;
      тірегіштерде шаю шұңқырын бітеу;
      элементтерді балшықтан тазалау, тақтайларды, ағаш көпірлердегі едендерді ауыстыру;
      жекелеген тойтармаларды ауыстыру, металды төсеме құрылыстары элементтерінің шамалы деформациялануын түзету;
      5) көшелерді жайластыру және ахуалы, қозғалысты, байланыс пен жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
      қызмет атқаруы аяқталғанды жою, ескіргенді қалпына келтіру, сонымен қатар жол жасанды инженерлік имараттарда тік және көлденең таңбалауларды енгізу;
      зақымданған және моральды ескіргендерді түзету және ауыстыру, сондай-ақ жетіспейтін жол қоршауларын, жол белгілерін қайтадан орнату;
      көшелерді жайғастыру элементтерін сырлау, оның ішінде: қалалық қоғамдық жолаушылар көлігін, қоршауларды және қала көшелерін жайғастырудың басқа да элементтерін сырлау және ағарту;
      зақымдануларды жою және металды бағыттағышщ жүргінші қоршауларын және жаяужол бағандарын сырлау; зақымданған бағандар ауыстыруға, ал жоғы орнатылуғажатады;
      бірегей жағдайларда жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, зақымдануларды түзету, жол белгілерінің қалқандарын және қоршауларды толығымен ауыстыру, панноны орнату және жөндеу, жол жайғастырулардың элементтерін реставрациялау;
      жөндеу, сонымен қатар ЖКО кейін: көше жарықтандыру металды тіреулерін, жарықтандырудың кабельді желілерін, ауалы желінің сымдары мен тартпаларын бірмезетте ауыстыру арқылы жарықтандыру арматурасын, төлқұжат мәліметтердің талаптарына сәйкес ағымдағы жөндеу көлемінде көше жарықтандыруын басқарудың автоматика және телемеханика құралдарын, сонымен қатар тораптар мен агрегаттарды түгендеу, зақымданғанын және жөндеуге келмейтіндерін ауыстыру және қалпына келтіру арқылы жөндеу;
      жөндеу аралық кезеңде көше жарықтандыруын сырлау;
      қызмет ету мерзіміне сәйкес ескірген көше жарықтандыруын ауыстыру;
      оның көлемінен кем дегенде 10% көшенің жүру бөлігі мен жаяу жол арасында гүлзарларды жөндеу;
      6) ЖШО жайғастыру элементтері мен құрылымдық элементтер бойынша:
      жаңа негізін немесе құрсаманы орнату арқылы отырған немесе сынған жиекті (жиектемелі) тасты жоспарлы және пішінді (кеңістіктегі орны) түзету, сондай-ақ оның жалпы ұзындығынан 5% дейін жамылғының барлық үлгілерінде, сонымен қатар ЖКО және шаюлардан соң жаңаларын (қажеттілігіне қарай) орнату арқылы жекелеген бұзылған жиекті (жиектемелі) тасты ауыстыру;
      жалпы ұзындығынан 5% дейін,сонымен қатар ЖКО және шаюлардан соңжекелегенжиекті (жиектемелі) тастың цементбетонды тіреулерін жөндеу;
      қоғамдық көлік аялдамаларының аймағында жасанды тас материалдарынан жиекті (жиектемелі) тасты маусымдық сырлау;
      қолданылмайтын құдықтарды қоса алғанда, жол жамылғысының деңгейінде құдықтардың қақпақтарын түзету;
      жол жамылғысының деңгейінде су қабылдағыш құдықтардың торларын түзету;
      трамвай жолдарымен, көпір имараттарының деформацияланған жіктерімен, құдықтардың қақпақтарымен және жауын-шашын суларының торларымен түйісетін жерлерде жол жамылғысын жөндеу;
      жол жамылғысында жарықшаларды битуммен және битумды мастикамен тегістеу (құю);
      жол жамылғысын сіңетін герметизациялайтын құрамдармен өңдеу;
      жол жиектерін төсеу және нығайту (100 шаршы метр учаскелерде);
      қоғамдық көлік аялдамаларының аумағында және жол жасанды имараттардың аймағында жиекті (жиектемелі) тасты маусымдық сырлау;
      қоғамдық көлік аялдамаларында урналарды жөндеу, сырлау немесе ауыстыру;
      2-5 миллиметр шағылтас-фракциясының авариялы құрамын сақтау үшін контейнерлерді жөндеу және сырлау;
      ескірген сигменттерді, сонымен қатар ЖКО кейін ауыстыру арқылы жасанды жол тегіс еместігін (бұдан әрі – ЖЖТЕ) қалпына келтіру немесе жөндеу;
      сырлау арқылы (сегменттердің ескірген бөлшектерін ауыстыру арқылы) металды кедергі қоршауларының, сонымен қатар ЖКО кейін зақымдануларын жою;
      бетонды кедергі қоршаулардың зақымдануларын жою;
      шудан қорғайтын экрандардың (ескірген элементтерін ауыстыру арқылы), сонымен қатар ЖКО кейін зақымдануларын жою;
      ЖКО кейін жол бойы шағын сәулет нысандарының және көгалдандыру элементтерінің, сонымен қатар орман желектерінің, гүлзарлардың, гүлбақтардың зақымдануларын жою;
      орман қорғау металды дуалдарды (ескірген сегменттерін ауыстыру арқылы), сонымен қатар ЖКО кейін жөндеу және сырлау;
      жол белгілері мен сілтегіштерді, ақпараттық қалқандарды тіреулерімен және бекітпелерімен қоса (ескірген элементтерін ауыстыру арқылы), сонымен қатар ЖКО кейін жөндеу;
      қауіпсіздік буферлерін, сонымен қатар ЖКО кейін ауыстыру;
      су өткізу құбырларын, ашық үлгідегі жол бойы-арық тораптарының үстеңгі жақтары мен түйіскен жерлерін жөндеу;
      төсем арқылы құламаларды жөндеу.

5. Көшелерді және жол имараттарын орташа және күрделі жөндеу

      10. Көшелерді және жол имараттарын орташа жөндеу барысында келесі жұмыстар орындалады:
      ылғалды және қар ұстайтын жерлерде жер жамылғысының шамалы ұзындығы бойынша учаскелері бойынша көтеру және кеңейту, ісінулі учаскелерді жою;
      орын алған су бұру арналарын тазалау, жаңа арналарды қазу, зақымдануларды түзету және үйемелер мен ойықтар құламаларының тіктігін азайту, дренажды, қорғаныс және нығайту құрылғыларын, су бұру имараттарын және көпірлер мен құбырларда су өткеру арналарын түзету, шөп отырғызу;
      жол жиектерін төсеу, шабу, жоспарлау және нығайту;
      2) жол төсемесі бойынша:
      жылжуға және ескіруге төзімді асфальбетонның жаңа қабатын төсеу арқылы жамылғының барша еніне немесе қозғалыстың бір немесе бірнеше жолағының еніне міндетті фрезерлеу жолымен жол жамылғысының тұрақсыз қабатын ауыстыру арқылы жүру бөлігінде жолтабандарды және тегіс емес жерлерді жою;
      талап етілетін тегістікті және кедір-бұдырлықты қамтамасыз ете отырып, қолда бар жол төсемесін алу және құрылығысымен топырақты тұрақтандыру арқылы жекелеген және ісінулі учаскелерде жол төсемесін орнату және жетілдірілген жамылғылардың ескірген жоғары қабатын қалпына келтіру;
      көше жамылғыларында кедір-бұдырлы үстерін орнату;
      жаңа материалды қосу арқылы орын алған көтерілуі, жолтабаны, жалдарды, жетілдірілген жамылғыны қайлау және регенерациялау;
      цементбетонды жамылғылардың қалпына келтіруге келмейтін ескірген сегменттерін ауыстыру;
      темірбетонды жамылғылардың ескірген плиталарын ауыстыру, темірбетонды жамылғылардың жекелеген плиталарын көтеру, тегістеу;
      қорғау қабатын төсеу, үлкен қашықтықта темірбетон плиталарының және цементбетонды жамылғылары сегменттерінің арасындағы түйісулерді жөндеу, жекелеген учаскелерде асфальтбетонды қабат төсеу;
      шағылтас және қиыршықтас жамылғылардың, сондай-ақ көшенің бір шақырымға 500 текше метрге дейін көлемімен материалдарды қосу арқылы топырақты жолдардың пішінін қалпына келтіру;
      сіңіретін және шаңсыздандыратын материалдармен қиыршықтасты және топырақты көшелердің өту бөліктерін жақсарту;
      вираждар орнату және қозғалыс үшін қауіпті қиылыстардың көрінуін қамтамасыз ету;
      жөнделетін учаскелерде жүру бөлігін таңбалау;
      3) жасанды инженерлік жол имараттары бойынша:
      деформацияланған жіктердің астынан су бұру науасын қалпына келтіру;
      су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырлар орнату);
      гидрооқшаулардың түйіскен жеріндегі жамылғыда жіктерді тегістеу және оларды мастикамен құю;
      су құбырында оқшауларды жөндеу;
      көпір топырақпен түйіскен жерінде 10 сантиметрден астам отырған жағдайда буындарын жөндеу (шағылтас төсеу арқылы қосымша жамылғы есебінен тегістеу);
      топырақпен түйіскен шеткі жаяу жол плитасын ауыстыру;
      жол төсемесін қалпына келтіру арқылы өтпелі плиталардың жекелеген ауытқуларын қалпына келтіру;
      плиталарды аршу арқылы шайылған жағдайда өтпелі плиталардың астына топырақ төсеу;
      болат элементтері бар деформацияланған жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;
      жол төсемесі деңгейінде жұмыс жүргізілген жағдайда мастикалы және резеңкелі толықтыруларымен жабық үлгідегі деформацияланған жіктерді ауыстыру;
      жаяужолдарда жіктерді ауыстыру;
      жаяужолдардың жамылғысын тегістеу, жаңа жамылғы төсеу;
      жаяужолды блоктарда кең жіктердегі ойықтарды түзеу, жаяужол қасбеттерін қорғаныс жамылғысымен өңдеу;
      жаяужол блоктарында жарықшалар менжекелеген дөңестерді жою;
      жаяужол блоктарының түйіскен жерлерін жылтырату және оқшаулау;
      жаяужолдарды қалпына келтіру, жекелеген зақымданған блоктарды нығайту немесе ауыстыру;
      жаяужол плиталарының бұзылған жерлерін жою;
      оқшауларды орнату немесе жаяужолдарды асфальтбетонмен жабу;
      жекелеген секцияларды жөндеу, перилалардың жекелеген тіреуіштерін нығайту;
      барша ұзындығы бойынша перилаларды немесе көпір имараты ұзындығының бір бөлігін ауыстыру;
      баршы ұзындығы бойынша перилаларды сырлау;
      жаңа анкеровкасымен периланың тіреуішін бекіту бөлшектерін ауыстыру;
      бетон құрылымдарының (плита, арқалық қабырғасы, аркасы және басқа элементтері) барша бетін гидрофобазиялау немесе сырлау;
      диафрагма түйіскен жерлерін жөндеу;
      көпірлер мен жол құбырларын ішінара қайта салу немесе жөндеу, сондай-ақ технкиалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санаттарға сәйкес келетін нормаға дейін ауқымдылығын және есептік жүктемесін жеткізу арқылы су өткізу құбырларын толықтай немесе ішінара қайта салу;
      көпірлерде күрделі емес жұмыстарды атқару (төсемдерді, арқалық торларды, жекелеген бөлшектер мен элементтерді ауыстыру, қалауды түзету, жер жамылғысымен түйісуі);
      алдын ала-қауырт темірбетонды және металды аралық құрылыстарды бақылау;
      көпір имаратының жүру бөлігінде жамылғыны қалпына келтіру немесе ауыстыру;
      жаяужол блоктарында жіктерді нақыштау, жаяужолдарда жамылғы төсеу;
      қоршауларды жөндеу немесе реконструкциялау;
      материалдар мен құрылғыларды ауыстыру арқылы деформацияланған жіктерді жөндеу;
      гидрооқшауларды жөндеу;
      жаяужолдарды, перилаларды,жиектемелерді жөндеу және ауыстыру;
      көпірдің өту бөлігінде су құбырын жақсарту, су бұру құбырларын және терезелерін ауыстыру;
      темірбетонды құрылғылардың қасбеті жағын гидрооқшаулау, негізгі арқалықтардың үстін сырлау;
      жарықшаларды герметизациялау, ойықтарды, сколдарды тегістеу, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғаныс қабатын қалпына келтіру;
      металды аралық құрылыстарды тұтастай сырлау;
      арқалықтардың өзара қосылуын қалпына келтіру;
      дренажды және су құбырын, өтпелі плиталарды ауыстыру арқылы үйіндісімен көпірдің түйісуін жөндеу;
      жер жамылғысы мен реттегіш имараттар құламаларының нығайтуларын жөндеу;
      тірегішлер мен реттегіш имараттарды майысуларды жою;
      металды аралық имараттарында жекелеген элементтерді нығайту, өтпелі фермаларымен көпірлерде тор элементтерін түзету;
      жоғары қуатты бұрамалардағы тойтармаларды ауыстыру;
      тіректі бөлшектерінің жобалық орнын жөндеу және қалпына келтіру;
      тіректі алаңдарда ағызуларды жөндеу және қалпына келтіру;
      қаптамалардың жіктерін жөндеу, ерітінділерді жарықшаларға инъекциялау;
      аралық құрылыстар мен тіректердің қарау құрылғысын жөндеу және қалпына келтіру;
      тірек денесін жөндеу;
      темірбетонды аралық имараттардың шығатын жерлерінде тірек бөлшектерін күшейту;
      құбырлардың жекелеген буындары менұштарын ауыстыру немесе жөндеу, оқшаулауын және түйіскен жерлерін түзету;
      тірегіш қабырғаларды, күшейткіш және реттегіш имараттарды жөндеу;
      галереялар мен ілмелер, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерін ауыстыру;
      4) көшелердің ахуалы, қозғалыс, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:
      елді мекендер арқылы өтетін көше учаскелерінде жаңа жаяужолдар, жүргінші жолдарын салу;
      көшенің жүру бөлігінен жеке орналасқан жаңа велосипед соқпақтарын салу;
      жаңғырту құрылғысын өзгертусіз жамылғыны алдын ала тегістеу (бөлшектеу) арқылы асфальтбетонды қосындыдан жамылғы төсеу жолымен жаяужолдарды және жүргінші жолдарын жөндеу;
      көшелердің ұзындығы бойынша шағын учаскелерін кеңейту кезінде кеңейтуге жататын инженерлік желілерді (қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері) жаңа орындарға ауыстыру;
      жаңа жеке қоршаулар орнату, жөнделетін учаскелерде жол белгілерінің және жол сілтегіш құрылғылардың жаңасын орнату немесе ауыстыру (қалпына келтіру), жекелеген түйісу жерлерінде, демалу алаңдарында, автомобиль тұрақтарында, қонақжайлылық жерлерде сәулет рәсімдеу және абаттандыруды қоса алғанда қоршауларды жөндеу;
      түйісу жерлерін жөндеу (кіру және өту, жазғы және тракторлы жолдар);
      дабыл құрылғыларын, жол қозғалысын, байланыс құралдарын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерін жөндеу;
      жол ақпараттық жүйелерді және кешендерді, жеке жобалаудың белгілері мен таблосын, жол қозғалысын диспечерлік және автоматты басқару элементтері мен жүйелерін; автономды және қашықты басқару белгілерін жәнеауыспалы ақпаратты таблоны, бағдаршамды объектілерді қалпына келтіру;
      жол желілік телеграфты немесе радио байланысты және басқа да технологиялық және дабылды-шақырылым байланыс құралдарын қалпына келтіру; кабельді желіні, жабдықтарды жөндеудің төлқұжаттық талаптарына сәйкес басқарудың техникалық кешендерін қалпына келтіру;
      көшелерді жайғастыру элементтерін жөндеу (автопавильондар, тірегіш қабырғалар, ақпараттық пано).
      Көшелердің пайдалану жағдайын және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыс түрлері, оның ішінде:
      қатардан шыққан науалардың барша ұзындығынан 10% дейін ішінара ауыстыру арқылы жол бойы-арықты ашық жүйелерді жөндеу;
      барша ұзындығынан 10% дейін қатардан шыққан жиекті (жиектемелі) тасты ішінара қалпына келтіру, қайта орнату немесе ауыстыру;
      жөндеу кезектілігінің кестесі өтіп кеткен жағдайда, ауыстырылатын жиекті (жиектемелі) тасты және жол бойы-арықты жүйесінің бұзылған және пайдалануға келмейтін науаларының үлесі ақаулар ведомосын құрастыру арқылы көзкөрімді бағалау негізінде анықталады;
      жол жамылғысының деңгейіне құдық қақпақшаларын бірдейлендіру;
      жол жамылғысының деңгейіне су қабылдау құдықтарының торларын бірдейлендіру;
      металды кедергілі қоршауларды, шудан қорғағыш экрандардың зақымданған учаскелерін (сегменттерін) жөндеу, сонымен қатар жаңасына ауыстыру;
      бұзылған жерінде плиталардан және кеспелтектен көпір жамылғысын жөндеу;
      жол жиектерін жөндеу және нығайту (картамен 100 шаршы метрден астам).
      11. Көшелердің және жол имараттарының ЖШО күрделі жөндеу құрамына келесі жұмыс түрлері жатады:
      жоба алды пысықтау;
      жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (бұдан әрі – ЖСҚ);
      ЖШО жайғастыру, қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету арқылы жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу;
      жол-жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау және қабылдау.
      12. Күрделі жөндеу барысында қала көшелерінде жоспардағыдай, сонымен қатар аралық пішінде, көшенің жалпы ұзындығынан 25%-ға дейін ұзындығымен жекелеген түзетулер және қайта орнатулар жүргізуге рұқсат беріледі.
      13. Жол-жөндеу жұмыстарының өндірісі (құрылғылы элементтерді және ЖШО жайғастыру элементтерін күрделі жөндеу), қосады:
      1) жер жамылғысы және су бұру бойынша:
      техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санаттарға сәйкес келетін нормаларға дейін жер жамылғысының геометриялық өлшемдерін жеткізу арқылы түзету (топырақты кеңейту, көтеру, ауыстыру, көзкөрімділігін қамтамасыз ету, дөңгеленуінің радиусын ұлғайту, аралық ауытқуларды жеңілдету, тік көлбеу мен вираждарды орнату), көшенің жекелеген учаскелерін түзету;
      дөңесті, сырғыған және бұзылған учаскелерді жою, шөгуді оқшаулайтын дренаждарды орнату және жер жамылғысының орнықтылығын қамтамасыз ететін басқа да жұмыстар;
      қиылысатын және жанасатын көшелерде жер жамылғысын және су бұру жүйелерін орнату;
      көшенің жүрмейтін бөлігінде автомобильдердің аялдамасы, тұрағы үшін алаңдар орнату;
      көшелерді күрделі жөндеу бойынша жұмыс аймағында орналасқан көшелердің жойылатын учаскелерінде жол бойы резервтерін рекультивациялау (жобалау сметалық құжаттамаға сәйкес);
      тасқын суы, көшкін, сырғыма, жауын-шашын, сейсмикалық және стихиялы бұзушылықтардың салдарын жою;
      2) жол төсемесі бойынша, оның ішінде:
      асфальтбетонды жамылғысымен:
      кем дегенде қозғалыстың бір жолағына жол төсемесін нығайту (қалыңдату), кеңейту және сапалы негізінде қолда бар жол төсемесін пайдалану және регенерациялау арқылы барынша жетілдірілген жол төсемесінің үлгілерін орнату;
      көшелерге ЖШО ведомстволық тиістілігіне сәйкес, қайтадан орнатылатын (түзетілетін) көше учаскелерінде, сонымен қатар елді мекен айналасында және оларға кіреберістерде жол төсемесін орнату;
      көліктік айырымдарда, инженерлік құрылғыларда, жаяужолдарда, жүргінші және велосидеп соқпақтарында, автобус аялдамаларында, демалу алаңдарында және автокөлік тұрақтарында жол төсемесін орнату;
      қажеттілігін жаңартқан жағдайда, велосипед соқпағын орналастыру үшін негізгі көшенің жүру бөлігін кеңейту;
      алдын ала тегістеу және жоғарғы қабатын төсеу, ал қажет болған жағдайда төменгі және тегістейтін қабатын төсеу арқылы жол төсемесі жамылғысының ескірген қабаттарын ауыстыру;
      тік пішінін алдын ала түзету және деформациялануын және бұзушылығын жою арқылы негіз ретінде қолда барды қолдану жолымен жол төсемесінің жамылғысын орнату;
      жол жамылғысының қабаттарын төсеу алдында жарықшалардың орын алуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар өткізу.
      Цементбетонды жамылғысымен:
      алдын ала ескі цементбетонды жамылғыны ұсақтау және осылайша алынған негізгі материалын мұқият тығыздау;
      цементбетоннан, армобетоннан, фибробетоннан қабатын төсеу;
      цементбетонды жамылғы бойынша жөндеу жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
      Жамылғының басқа үлгілері бойынша:
      шағылтасты және қиыршықтасты жамылғылардың пішінін түзету, сондай-ақ жаңа материалдарды қосу арқылы топырақ жолдарды түзету,сіңіру материалдарымен жүру бөлігін жақсарту;
      жасанды және табиғи материалдардан жиектемелердің және жетілдірілген жамылғылардың шеттері бойынша нығайту жолақтарының, сонымен қатар негізгі жол төсемесінің үлгісі бойынша жаңасын орнату және ескіргенін ауыстыру;
      3) ЖШО құрылғылы элементтері бойынша:
      жаңадан жиекті (жиектемелі) тасты қайта орнату, ауыстыру немесе орнату;
      тірек плиталарға және қаңқаларға орнату немесе басқа қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы су қабылдау құдықтарының торларын және қарау құдықтары қақпақтарының құлтасын нығайту;
      құмды негіздерін толық немесе ішінара ауыстыру арқылы көпір жамылғысынның тұтастай төсеніші;
      жол бойын, велосипед соқпақтарын, жаяу жолдарды, автомобиль тұрақтарын жол төсемесін ауыстыру арқылы орнату және жөндеу;
      жағалауды нығайту және күрделі жөндеу;
      4) су бұру бойынша:
      жаңа дренаждарды орнату, қолданыстағы жер үсті су бұрудың ашық үлгідегі жүйелерін қалпына келтіру;
      науаларды толық ауыстыру арқылы жол бойы-арық ашық жүйесін күрделі жөндеу;
      5) жасанды инженерлік жол имараттары бойынша:
      көпірлерді, сонымен қатар жүргінші, жол құбырын кеңейту және нығайту арқылы, олардың ауқымдылығын және көтеру қабілеттілігін есептік жүктемеге аталған жөндеуге бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес жеткізу жолымен толығымен немесе ішінара салу, қайта тұрғызу (жаңа арқалықты қосусыз ауқымдылығын кеңейту арқылы; ауқымдылығын кеңейту және ригелдерді арттыру мен нығайту үшін жаңа арқалықтарды қосу арқылы; ауқымдылығын кеңейту, бір жақтан немесе екі жақтан тіректі арттыру үшін жаңа арқалықтарды қосу арқылы көпірді жөндеу);
      негізгі арқалықтарды және металды көпір фермасының элементтерін түзету және нығайту;
      металды аралық құрылыстарды ауыстыру;
      көпір имараттарының жүру бөлігін ауыстыру;
      су өткізу құбырларын қайта орнату, орнату;
      құбырлардың буындарын, ұштарын ауыстыру және нығайту;
      құбырлардың зақымданған сақиналарын ауыстыру;
      жаңа сақиналар мен бөлшектерінің есебінен құбырдың ұзындығын ұзарту;
      суүсті көпірлерін, паром өткелдерін, темір жол өткелдерін тұрақты көпірлермен және жол құбырларымен ауыстыру;
      тірек қабырғаларын, қорғанысын нығайту және реттеу имараттарын орнату;
      қайтадан және жаңадан салынған көпірлерді сынау;
      тоннелдердің, қорғаныс галереялары мен тартпалардың құрылғылы элементтерін жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галереяларды және тартпаларды тұрақтыға ауыстыру;
      баспалдақтарды, тірек қабарғаларын жөндеу, сонымен қатар олардың құрылғыларын барынша жетілдірілген түріне өзгерту арқылы жөндеу;
      6) көшелерді жайғастыру және ахуалы, ЖШО жайғастыру, қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша:
      бір және түрлі деңгейлерде қолданыстағы қиылыстарды және жанасуларды, сондай-ақ жекелеген өткелдерді, барлық жолдарға өтулер мен вираждарды немесе оның учаскелерін, қалалық жолдарға қызмет көрсететін жол қызметінің ғимараттарына кіреберістерді қайта орнату және жаңасын орнату;
      жетіспейтін жаяужолдарды орнату, аялдамалы, отырғызу алаңдарын және қоғамдық көліктің автопавильондарын, қауіпсіздік аралшаларын, автомобильдердің тоқтауы және тұрағы үшін алаңдарды, жүргінші өткелдерін (түрлі деңгейдегі), сонымен қатар елді мекендердің шегінде өтетін жаяужолдарды, жүргінші соқпақтарын орнату;
      стихиялы апаттардың салдарынан бұзылған көше учаскелерін жөндеу немесе қалпына келтіру кезінде уақытша өту жолдарының имараттарын, қолданыстағы уақытша айналып өту жолдарын қайтадан немесе жаңасын орнату;
      өзара қиылысатын және темір жолмен қиылысатын көшелердің қиылысында қозғалысты ұйымдастырудың және реттеудің жаңа техникалық құралын орнату;
      мемлекеттік меншіктегі және елді мекендерде және ЖШО су құюға арналған су құбыры тораптары мен ұңғымаларды жөндеу;
      электр жабдықтарын, сыртқы жарықтандыруды, олардың төлқұжаттың мәліметтеріне сәйкес жөндеу;
      инженерліктехникалық құрамының жабдықтарын, оның төлқұжаттық мәліметтеріне сәйкес жөндеу және жоспарлы ауыстыру;
      көпірлерде және паром өткелдерінде, жол желілік байланыс имараттарында электр жарықтандыруларды орнату және жөндеу;
      қозғалысты есепке алу пункттерін, қар және су өлшеу постыларын және көшелердің жұмысын, оның жекелеген элементтерін, имараттарды және олар бойынша өтетін көлік легін зерделеу үшін қажетті басқа да құрылғыларды орнату және жөндеу;
      маталды кедергілі қоршауларды күрделі жөндеу, бетонды кедергілі қоршаулардың блоктарын, плиталарын ауыстыру және қорғаныс-сәнді жамылғысын қалпына келтіру арқылы күрделі жөндеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады