Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 09.10.2019 № А-10/481 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № А-12/558 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2015 жылғы 25 қаңтарда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сай жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы |
Қ.Отаров |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/299 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы тамыздағы № А-12/558 қаулысымен бекітілді |
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарын және оралмандарды еркін бекіту науқанына қатысу үшін, әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген), көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, тіркеу жүргізеді және басшыға бұрыштама қоюға жібереді – 20 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды және комиссияның хатшысына жібереді – 1 сағат;
3) комиссияның хатшысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, өтінімдері тіркеу журналына тіркейді, өтінімді комиссияның қарауына жібереді – 2 жұмыс күні;
4) комиссия әлеуетті қызметтер берушілердің қатысуға өтінімдерін қарайды, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтайды, әлеуетті қызметтер берушілерді анықтайды, әлеуетті қызмет берушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамаға қол қояды және комиссияның хатшысына береді – 1 жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың өтінімге дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия қатысуға өтінімді қарайды – 25 күнтізбелік күн ішінде;
5) комиссия хатшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 1 жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және басшының қарауына жіберу;
2) өтінімді қарау және комиссияның хатшысына беру;
3) ұсынылған құжаттардың сәйкестігін және толықтығын тексеру, өтінімді комиссияға беру;
4) құжаттарды қарау, әлеуетті қызмет берушілерді анықтау, хаттамаларға қол қою;
5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) комиссияның хатшысы;
4) комиссия.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсету арқылы, қызметкерлер арасындағы іс-әрекеттердің кезеңділігін сипаттау:
1) кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, тіркеу жүргізеді және басшыға бұрыштама қоюға жібереді – 20 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды және комиссияның хатшысына жібереді – 1 жұмыс күні;
3) комиссияның хатшысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, өтінімдері тіркеу журналына тіркейді, өтінімді комиссияның қарауына жібереді - 2 жұмыс күні;
4) комиссия әлеуетті қызметтер берушілердің қатысуға өтінімдерін қарайды, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтайды, әлеуетті қызметтер берушілерді анықтайды, әлеуетті қызмет берушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамаға қол қояды және комиссияның хатшысына береді – 1 жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың өтінімге дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия қатысуға өтінімді қарайды – 25 күнтізбелік күннің ішінде;
5) комиссия хатшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді - 1 жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) басқа көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет етудің тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
1-процесс – Мемлекеттік корпорация инспекторы ұсынған құжаттарды тексереді, қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күнін, уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация инспекторы қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 11-қосымшасына сәйкес үлгіде қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
2-процесс - осы Регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
3-процесс – Мемлекеттік корпорация инспекторы тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін береді.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде, құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің шекті уақыты – 15 минут;
қызмет көрсетудің шекті уақыты – 20 минут.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет етуінің тәртібін сипаттау және (немесе) Мемлекеттік корпорация осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.