Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қазандағы № А-10/481 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қазанда № 7418 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы _________
№ _________қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету регламентерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № А-11/509 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5124 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      2. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № А-12/558 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      3. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету регламентерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № А-11/509 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/298 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5445 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      4. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № А-12/558 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/299 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5452 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады