Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № а-3/144 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 5318 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С.С.Шабаровқа жүктелсін.
      3. Степногорск қаласы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев

  Степногорск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыздағы
№ а-3/144 қаулысына
қосымша

Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер


р/р

Өлшемдердің атауы

Иеліктен айыру түрі

1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады