Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Степногорск қаласы және елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 6С-12/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5641 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "жоғарылату", "(төмендету)", "жоғарылатылсын", "(төмендетілсін)", "төмендету" сөздері "арттыру", "(азайту)", "арттырылсын", "(азайтылсын)", "азайту" сөздеріне ауыстырылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 6С-25/13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 6С-25/13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. 1, 2 қосымшаларына сәйкес Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Степногорск қаласы және елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелері арттырылсын (азайтылсын).
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Подолько
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының
әкімі
Ә.Күмпекеев

      28.11.2016 ж.

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Қойшыбаев

      28.11.2016 ж.

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 6С-12/3 шешіміне
1-қосымша

Степногорск қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

Аймақтардың нөмірлері

Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+) азайту (-) пайыздары

I

+50

II

+40

III

+35

IV

+30

V

+20


  Степногорск қалалық
мәслихатының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 6С-12/3 шешіміне
2-қосымша

Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы елді мекендер бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

Аймақтардың нөмірлері

Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+) азайту (-) пайыздары

VI

+50

VII

+20

VIII

+10

IX

0

X

-10

XI

-20

XII

-50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады