Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 49/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 ақпанда № 5263 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 31/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 31/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясынын төрағасы
Е.Казбеков
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ю.Сериков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының әкімі
2016 жылғы 29 қаңтар
Ж.Нұркенов

  Аршалы аудандық мәслихатының
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 49/4 шешіміне
қосымша

Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аршалы ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын-үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Аршалы аудандық бөлімінің филиалы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 22.04.2016 № 4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      4. Коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган ретінде "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындалды.
      6. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.
      8. Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi кондоминиум объектісі отбасыларға (азаматтарға) ортақ мүлкін ұстауға жұмсалады, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне 15 пайыз көлемінде белгіленеді.
      9. Жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      10. Электрқуатты, суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету және жылуды тұтыну шығындары алдынғы тоқсандағы нақты шығындары бойынша төленеді.
      11. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі негізінде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады