Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 31/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығына сәйкес, Аршалы аудандык мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 49/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5263 тіркелген, 2016 жылдың 4 наурызында аудандық "Аршалы айнасы" газетінде, 2016 жылдың 4 наурызында аудандық "Вперед" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақшасы шешімінің қосымшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын-үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Аршалы аудандық бөлімінің филиалы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
И.Слободянюк |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Қ.Шедербеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |
2016 жылғы 22 сәуір