"Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № а-1/33 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 наурызда № 5271 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № а-4/115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 21.04.2016 № а-4/115 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Никишов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "29" қаңтардағы
№ а-1/33 қаулысымен
  бекітілді

"Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылық саласында қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
      3. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыры шегіндегі мәселелер бойынша "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 020400, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 9.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: агроөндірістік кешен салаларының жаңа сапалы бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу және экономикалық дамуына қолдау көрсету мақсатында ауданның және селолық аумақтардың агроөндірістік кешенін дамыту саласындағы аграрлық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) бөлім қызметі ақпараттық, талдау, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
      3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын басқа да сұрақтар бойынша міндеттерді орындау.
      15. Функциялары:
      агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді атқарады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік мекеменің құзырына жататын сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте ақпаратты сұратуға, алуға;
      2) мемлекеттік мекеме құзырына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңесті шақыруға;
      3) жұмыста сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір туындауын болдырмауға, ескертуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттерді орындау жатады.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшылығы "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін атқаруға дербес жауапкершілікте болатын басшымен жүзеге асырылады.
      18. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысы лауазымға Атбасар ауданының әкімімен тағайындалады және босатылады.
      19. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттілігі:
      1) "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және босатады;
      3) "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
      4) "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңнамаларға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
      5) "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
      7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған жауапты болып табылады.
      8) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
      "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігін орындау оның жоқ болған кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орынбасарларымен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      20. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және басты қор мен айналымдық қаржыдан тұрады.
      21. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Атбасар ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      22. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады