Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірі ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысының негізінде, Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көшелер қайта аталсын:
1).Ақан Құрманов ауылының:
№ 1 көшесі Бейбітшілік көшесіне;
№ 2 көшесі Достық көшесіне;
№ 3 көшесі Жібек жолы көшесіне;
№ 4 көшесі Бәйтерек көшесіне;
№ 5 көшесі Жастар көшесіне;
№ 6 көшесі Жеңіс көшесіне;
№ 7 көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
№ 8 көшесі Болашақ көшесіне;
№ 11 көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
№ 12 көшесі Есіл көшесіне;
2). Қосбармақ ауылының көшелері:
№ 1 көшесі Бірлік көшесіне;
№ 2 көшесі Жайлау көшесіне.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А.Белялова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы |
Ж.Қалиякбарова |
2016 жылғы "28".12.
"Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
М.Жанабаев |
2016 жылғы "28".12.