Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "жоғарылату", "(төмендету)", "жоғарылатылсын", "(төмендетілсін)", "төмендету" сөздері "арттыру", "(азайту)", "арттырылсын", "(азайтылсын)", "азайту" сөздеріне ауыстырылды – Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 09.02.2018 № 6С-31-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 09.02.2018 № 6С-31-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Астрахан ауданы елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын (азайтылсын).
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрайымы |
Г.Мұқанова |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |
24.11.2016 ж.
Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-11-3 шешіміне қосымша |
Астрахан ауданының елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемерін арттыру (азайту) пайыздары
Аймақ № | Жер салығының мөлшерлемерін арттыру (+),азайту (-) пайыздары |
1 | 2 |
I | +50 |
II | +18 |
III | -30 |