Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-11-3 "Астрахан ауданының елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 6С-31-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 6440 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданының елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-11-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5643 тіркелген, 2017 жылғы 10 қаңтарда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "жоғарылату", "(төмендету)", "жоғарылатылсын", "(төмендетілсін)", "төмендету" сөздері "арттыру", "(азайту)", "арттырылсын", "(азайтылсын)", "азайту" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы
В.Путинцева
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының
әкімі
Н.Сейілов

      09.02.2018 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады