Бұланды ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 6С-5/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте № 5527 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 6С-60/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 25.06.2020 № 6С-60/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Бұланды ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4626 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпанда "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 20 ақпанда "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 5 – сессияның
төрағасы
Б.Қажақанов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімі Қ.Испергенов

      11 тамыз 2016 жыл

  Бұланды аудандық мәслихатының
2016 жылғы 11 тамыздағы
№ 6С-5/5 шешіміне
қосымша

Бұланды ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Макинск қаласында жиналыстар және митингілер өткізу орны белгіленсін:
      орталық алаң, Некрасова көшесі,19.
      Макинск қаласында жиналыстар, митингілер және пикеттерді өткізу маршруты белгіленсін:
      Габдуллин және Сейфуллин көшелері қиылысынан Некрасова көшесі, 19 қиылысына дейін.
      2. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу орындарында:
      1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психитроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;
      2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ біреуге қатысты зәбір көрсетуге тартатын сөз сөйлеулерге жол берілмейді.
      3. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
      1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрінбей тұруы қажет;
      2) жергілікті атқарушы органдар бір күнде және бір уақытта бір объектіде 3-тен аспайтын жеке дара пикеттер өткізуге рұқсат беруге мүмкін.
      4. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізулетін объектінің маңында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.
      5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Бұланды ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады