Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 6С-5/5 "Бұланды ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 6С-60/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 7918 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 11 тамыздағы № 6С-5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5527 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте "Бұланды Ақпарат" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
К.Рамазанов
      Бұланды аудандық мәслихат
хатшысы
Ш.Кусаинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады