Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңдарына, Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С29-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген, "Егіндікөл" аудандық газетінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы";
2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.".
2.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Т.Бокишев |
Аудандық мәслихаттың | |
Хатшысы | Б.Абилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Егіндікөл ауданының әкімі | Н.Төлепов |
2016 жылғы 24 желтоқсан