"Қойтас селолық округінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас селолық округі әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 5668 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қойтас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Қойтас селолық округі әкімінің "Қойтас селолық округінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1-9-159 тіркелді, 2010 жылғы 16 қазанда "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қойтас ауылдық округінің әкімі Ш. Қожанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасының жанындағы "Ерейментау
орталық аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
М. Сүлейменова

      "22" желтоқсан 2016 жыл
      "Ерейментау ауданының
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
О. Төлеуов

      "22" желтоқсан 2016 жыл
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Ерейментау
аудандық аймақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
А. Тоқсанбаев

      "22" желтоқсан 2016 жыл
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Ерейментау
аудандық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
М. Бейсенова

      "22" желтоқсан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады