Қойтас селолық округінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас селолық округі әкімі аппаратының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 5 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 қазанда № 1-9-159 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас селолық округі әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас селолық округі әкімінің 22.12.2016 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасынының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес, Ерейментау ауданы бас мемлекеттік ветеринария инспекторының 2010 жылғы 01 қыркүйектегі № 10-08-1313 ұсынысы негізінде, Қойтас селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жануарлардың жұқпалы ауруының (бруцеллез) пайда болуына байланысты Ерейментау ауданы Қойтас селолық округінің аумағында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қойтас селолық
      округінің әкімі Н.Алдыбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      “Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Ерейментау аудандық аумақтық
инспекциясы” мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Абдрашов Сатыбай Дулатович
      "Ерейментау ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Арингазин Сайлау Кайржанович
      Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасы жанындағы
"Ерейментау орталық аудандық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорынының
бас дәрігері
Мирманов Бакытжан Мырзагалиевич
      “Ақмола облысы бойынша Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитеті
департаментінің Ерейментау ауданы
бойынша мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасы”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жуматаев Смагул Аменович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады