Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 31, 37 баптарына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылған Есіл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесінің атаулары мен индекстері бекітілсін.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы |
Д.Есжанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы |
Бекішев Бекзат Есенжолұлы |
2016 жыл "09" маусым
Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № а-6/191 қаулысымен бекітілген |
Есіл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесінің атаулары мен индекстері
№ р/с | Автожолдар индексі | Автожолдардың атауы | Жалпы ұзындығы, км |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | КС-ES-1 | Есіл-Орловка | 40 |
2 | КС-ES-4 | Ярославка ауылына кіре-берісі | 1,8 |
3 | КС-ES-5 | Знаменка-Заречный | 13 |
4 | КС-ES-6 | "Қостанай-Сұрған"-Жаныспай а/ж | 5 |
5 | КС-ES-7 | Двуречный ауылына кіре-берісі | 4 |
Аудан бойынша барлығы: | 63,8 |