РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
2) мигранттар;
3) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері;
4) ауырғаннан кейін емделу курсынан өткен, туберкулезбен ауыратын тұлғалар;
5) 50 жастан жоғары тұлғалар;
6) есірткі тәуелділігінен оңалту және емдеу курстарынан өткен тұлғалар.
2. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап колданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |