Зеренді аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-110 "Зеренді ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің жерлерге бағалау аймақтары шекараларының және жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 5-35 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 5474 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-150 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 25.12.2017 № 18-150 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің жерлерге бағалау аймақтары шекараларының және жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы" 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3703 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде "Зерделі-Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г.Шегенова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2016 жылғы "8" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады