Зеренді аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 3-22 "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 6-45 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйекте № 5524 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 10-83 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 06.02.2017 № 10-83 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 3-22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5373 тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымда "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      2 тармақтың 1) тармақшасындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" сөздері "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г.Шегенова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2016 жылғы "24" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады