Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 25.12.2017 № 18-150 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің жерлерге бағалау аймақтары шекараларының және жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3703 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша, көрсетілген шешімнің қосымшасында "салық салу мақсаты үшін" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
2016 жылғы "23" желтоқсан