Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына, "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 13 бұйрығына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесі бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Қ.Жұмабаев |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ө.Балғабаев |
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 3/2 шешімімен бекітілді |
"Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесі (бұдан әрі ‒ Әдістеме) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына, "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 13 бұйрығына, (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12705 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі ‒ "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау)–бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
"Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
3) айналмалы бағалаудан құралады.
6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады.
7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия төрағасы Қорғалжын аудандық мәслихаты аппаратының басшысы болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып лауазымдық міндетінде кадрлық жұмысты жүргізу кіретін (бұдан әрі – Комиссия хатшысы) Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
12. "Б" корпусның қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:
1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);
2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), ол олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шаралардың атауы кіреді.
Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.
Іс-шараладың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.
3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана Комиссия хатшысына беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
3. Бағалауды жүргізуге дайындық
14. Комиссия хатшысы Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.Комиссия хатшысы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойлады.
18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстын көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.
19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойлады.
20. Орындау тәртібін бұзуға:
1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;
2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде Комиссия хатшысы "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы,құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы Комиссия хатшысы бағалау парағында берілген декетердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.
"Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысында жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау
26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
"Б" корпусы қызметшісінің бас тарту құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
6. Айналмалы бағалау
29. Айналмалы бағалау:1) тікелей басшыны;
2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;
3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.
30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаралында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай , Комиссия хатшысы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Комиссия хатшыға жіберіледі.
33. Комиссия хатшысы айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
7. Қорытынды баға
35. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:- тоқсандық баға;
а-көтермелеу баллдары;
в-айыппұл баллдары.
36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
80 баллдан төмен- "қанағаттанарлықсыз";
80-нен 105 баллға дейін- "қанағаттанарлық";
106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда)–"тиімді";
130 баллдан астам–"өте жақсы".
37. Комиссия хатшысы "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
– жылдық баға;
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 37-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
"қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) –2 балл,
"қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) –3 балл,
"тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
"өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) –5 балл;
– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
38. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
3 баллдан төмен– "қанағаттанарлықсыз";
3 баллдан бастап 4 баллға дейін– "қанағаттанарлық";
4 баллдан бастап 5 балға дейін – "тиімді";
5 балл– "өте жақсы".
8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
39. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.Комиссия хатшысы Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) Осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
1) егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса.
Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
2) Комиссия хатшысы "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе;
41. Комиссия хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
"Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тарту бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Комиссия хатшысында сақталады.
9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментінде шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда , мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымнауға құқығы бар.
10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәніндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
52. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
"Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне 1-қосымша |
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________________жыл(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):________________________________
Қызметшінің лауазымы:_____________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________________________
№ | Шаралардың аталуы* | Іс-шараның нәтижесі |
1 | Іс-шара | |
2 | Іс-шара | |
3 | Іс-шара | |
4 | ... | |
-шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс
Қызметші Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________ күні _________________________________ қолы ________________________________ | Тікелей басшы Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______________ күні __________________________________ қолы _________________________________ |
"Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне 2-қосымша |
Бағалау парағы
_________________________тоқсан____жыл(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):___________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ | Қызметшінің өзін-өзі бағалауы | Тікелей басшының бағалауы | Ескерту | ||||
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | ||
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | ... | | | | | | |
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: | Бағалау нәтижесі: | |
Қызметші Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________ күні _________________________________ қолы ________________________________ | Тікелей басшы Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______________ күні __________________________________ қолы _________________________________ |
"Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне 3-қосымша |
Бағалау парағы
___________________________________________жыл(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
______________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ | Аталуы | Маңызы | Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері | Басшының бағалау нәтижелері | Ескерту |
1 | Іс-шара | 2-ден 5 ке дейін | | | |
2 | Іс-шара | 2-ден 5 ке дейін | | | |
3 | Іс-шара | 2-ден 5 ке дейін | | | |
4 | ... | | | | |
Қызметші Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________ күні _________________________________ қолы ________________________________ | Тікелей басшы Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______________ күні __________________________________ қолы _________________________________ |
"Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне 4-қосымша |
Айналмалы бағалау нәтижелері
_______________________________________ жыл(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _____________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
___________________________________________________________________
№ р/с | Құріреттін аталуы | Маңызы | Баға (балл) |
Тікелей басшы | |||
1. | Бастамашлығы | 2-ден 5 ке дейін | |
2. | Әрекеттестікке икемділігі | 2-ден 5 ке дейін | |
3. | Қызметтік этиканы сақтау | 2-ден 5 ке дейін | |
| | Барлығы: | |
Бағынышты адам | |||
1. | Жұмысты жоспарлай білу | 2-ден 5 ке дейін | |
2. | Жұмысқа негіздей білу | 2-ден 5 ке дейін | |
3. | Қызметтік этиканы сақтау | 2-ден 5-ке дейін | |
| | Барлығы: | |
Әріптесі | |||
1. | Топта жұмыс істей білу | 2-ден 5 ке дейін | |
2. | Қызметтік этиканы сақтау | 2-ден 5 ке дейін | |
| | Барлығы: | |
"Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне 5-қосымша |
Бағалау жөніндегі отырысының хаттамасы
___________________________________________(мемлекеттік органның атауы)
_________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық/жылдық және бағаланатын кезең)
(тоқсан және (немесе)жыл)
Бағаланатын нәтижелері
№ р/с | Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Комиссияның ұсыныстары |
1. | | | |
2. | | | |
... | | | |
_____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: ____________________________________ Күні__________
(Т.А.Ә. ( болған жағдайда, қолы)
Комиссия төрағасы: ____________________________________ Күні__________
(Т.А.Ә. ( болған жағдайда, қолы)
Комиссия мүшесі: ______________________________________ Күні__________
(Т.А.Ә. ( болған жағдайда, қолы)