Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 6С-24/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бурабай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378 бабымен бекітілген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың I сессиясының төрағасы |
Қ.Шаяхметов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ө. Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы |
С.Бейсимбаев |