Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 5397 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 6С-56/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 6С-56/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) бұйрығының 1 қосымшасымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 09.12.2016 № 6С-9/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің косымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді, оны "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Бурабай аудандық бөлімі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырады.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 09.12.2016 № 6С-9/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ІI сессиясының төрағасы
Р.Махаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады