Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 6С-25/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 Бурабай аудандық мәслихаттың шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, 2013 жылдың 10 қазанында аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспе сөзбасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабынының 2-3 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 43 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:";
аталған шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаментінің Бурабай аудандық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру және оның нәтижесін қызмет алушыға "жалғыз терезе" қағидаты бойынша беру, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық түрде қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;";
21 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ІI сессиясының төрағасы |
Р.Махаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ө. Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданының әкімі | Т.Ташмағамбетов |