"2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № а-12/547 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № а-5/198 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 маусымда № 5428 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № а-12/547 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5186 тіркелген, "Луч" және "Бурабай" газеттерінде 2016 жылғы 21 қаңтарда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулыда көрсетілген қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы " 20 "05
а-5/198
қаулысына қосымша
  Бурабай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "15" 12
а-12/547
қаулысымен бекітілген

2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Айына мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа кұны (теңге)

Айына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

Бөбек-бақша

200

776

23869,7

21591,8

23869,7

21591,8

11000

11000

Толық күн болатын шағын орталық

379

0

16921,6

0

16921,6

0

10000

0

Жарты күн болатын шағын орталық

552

0

8460,8

0

8460,8

0

0

0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады