"Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 35 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 наурызда № 4771 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 24.01.2020 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 363 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12814 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 214 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4432 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;";
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      регламент атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.";
      көрсетілген регламенттің 1-қосымшасында жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "

  "Жергілікті спорт
федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша"

      ";
      көрсетілген регламенттің 2-қосымшасында жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "

  "Жергілікті спорт
федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша"

      ".
      2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т.Шерияздановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 363 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады