Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 413 "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде 17-тармақ мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
"28) ветеринария саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысу.".
2. "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |