"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 223 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 119 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 сәуірде № 4876 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13337 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 223 "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4444 тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 119 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 маусымдағы
№ 223 қаулысымен бекітілген

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің және Ақтөбе қаласымен аудандардың ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі – бөлім);
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына аудару үшін "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – қазынашылық) төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 3, 6, 8, 11- қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) бөлімнің кеңсе маманы 15 (он бес) минуттың ішінде құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, оның көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты туралы белгі қойылады.
      Нәтижесі –бөлім басшысына құжатқа бұрыштама қоюға жолдайды.
      2) бөлім басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды.
      Нәтижесі – құжаттарды бөлімнің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және комиссияға орналасқан жеріне бару туралы хабарлайды, теріс шешім қабылданған жағдайда субсидияларды бермеудің себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды.
      Нәтижесі – комиссияға хабарлайды немесе теріс шешім туралы жазбаша хабарлама.
      4) ведомствоаралық комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады және оны ауданның әкіміне бекітуге жолдайды.
      Нәтижесі – құжаттарды ауданның әкіміне бекітуге жолдау;
      5) ауданның әкімі1 (бір) жұмыс күні ішінде аудан бойынша тізбені және тізілімді бекітеді.
      Нәтижесі – аудан бойынша тізбені және тізілімді бекіту;
      6) бөлімнің жауапты орындаушысы1(бір) жұмыс күні ішінде аудан бойынша тізбе және тізілім бекітілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
      Нәтижесі –тізбені және тізілімді көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну;
      7) көрсетілетін қызметті беруші20 (жиырма) жұмыс күні ішінде құжаттар келіп түскен күннен бастап облыс бойынша жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, жиынтық ведомості бекітілгеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қазынашылыққа көрсетілетін қызметті алушылардың шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді;
      Нәтижесі – қазынашылыққа төлем құжаттарын беру немесе субсидияларды төлеуден бас тарту.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) бөлімнің кеңсе маманы;
      2) бөлімнің басшысы
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы
      4) ведомствоаралық комиссия;
      5) аудан әкімі;
      6) көрсетілетін қызметті беруші.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) өту реттілігін сипаттау:
      1) бөлімнің кеңсе маманы 15 (он бес) минуттың ішінде құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады;
      2) бөлім басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және комиссияға орналасқан жеріне бару туралы хабарлайды, теріс шешім қабылданған жағдайда субсидияларды бермеудің себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды;
      4) ведомствоаралық комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады және оны ауданның әкіміне бекітуге жолдайды;
      5) ауданның әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде аудан бойынша тізбені және тізілімді бекітеді;
      6) бөлімнің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде аудан бойынша тізбе және тізілім бекітілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
      7) көрсетілетін қызметті беруші 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде құжаттар келіп түскен күннен бастап облыс бойынша жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, жиынтық ведомості бекітілгеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қазынашылыққа көрсетілетін қызметті алушылардың шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді.

4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушілермен өзара іс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтылығын көрсете отырып жолығу тәртібін (іс-әрекетін) сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қажетті құжаттарды және Стандартқа сәйкес өтінімді тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
      2) 1 - үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторымен Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу;
      3) 2 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторы қызметті таңдайды, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығарады және Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалдық куәландырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізеді;
      4) 3 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұраныс жолдайды;
      5) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің бар жоғын тексеру;
      6) 4 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастырады;
      7) 5 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) порталға жолдайды;
      8) 6 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторы арқылы қызметтің нәтижесін (субсидия тағайындау/тағайындамау туралы хабарлама) алады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушілермен өзара іс-әрекеттерінің тәртiбiн және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Тұқым шаруашылығын
дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады