Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 20.11.2019 № 463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11181 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4368 тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 172 қаулысына 1-қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 қаулысымен бекітілді |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі- мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің, регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген облыстық және аудандық маңызы бар кәсіпкерлік бөлімдерімен (бұдан әрі- Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері) ұсынылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
3. Облыстың индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасынан үзінді мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 760 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13233 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес өтініш-сауалнаманы ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде оларды орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне өтініш-сауалнамаға қоса Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген нысандарға сәйкестігін қарау үшін одан әрі жауапты орындаушыға береді;
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру.
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын, белгіленген нысандарға сәйкестігін қарайды және тексереді;
Нәтижесі – құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексеру.
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жобалары бойынша материалдарды дайындап, ӨҮК-нің қарауына шығарады;
Нәтижесі - материалдарды ӨҮК-нің қарауына шығару.
6) ӨҮК талқылау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасын рәсімдеу.
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ӨҮК хаттамасынан үзінді береді.
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзінді беру.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына беру.
3) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, ары қарай ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген нысандарға сәйкестігін қарау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысына беру.
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын, белгіленген нысандарға сәйкестігін қарайды және тексереді;

5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
Нәтижесі - материалдарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген нысандарға сәйкестігін қарайды және тексереді;
Нәтижесі - құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексеру.
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жобалары бойынша материалдарды дайындап, ӨҮК-нің қарауына шығарады;
Нәтижесі - материалдарды ӨҮК-нің қарауына шығару.
8) ӨҮК талқылау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасын рәсімдеу.
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ӨҮК хаттамасынан үзінді береді;
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзіндіні Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне беру.
10) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасынан үзіндіге қоса хат дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға жолдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) Өңірлік үйлестіру кеңесі;
5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері;
6) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы;
7) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы;
8. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері (іс-әрекеттері) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген нысандарға сәйкестігін қарау үшін одан әрі жауапты орындаушыға береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын, белгіленген нысандарға сәйкестігін қарайды және тексереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жобалары бойынша материалдарды дайындап, ӨҮК-нің қарауына шығарады;
6) ӨҮК талқылау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ӨҮК хаттамасынан үзінді береді.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына береді;
3) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, ары қарай ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген нысандарға сәйкестігін қарау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысына береді;
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын, белгіленген нысандарға сәйкестігін қарайды және тексереді;
5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген нысандарға сәйкестігін қарайды және тексереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жобалары бойынша материалдарды дайындап, ӨҮК-нің қарауына шығарады;
8) ӨҮК талқылау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ӨҮК хаттамасынан үзінді береді;
10) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасынан үзіндіге қоса хат дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілерінің тізімі
№ | Көрсетілетін қызметті беруші және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілерінің атауы | Орналасқан жердің заңды мекен-жайы (көше, үйдің №) | Телефон нөмірі | Жұмыс кестесі |
1 | "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 | 8-7132 -74-21-86 | Демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. |
2 | "Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2 | 8-7132-22-16-06 | |
3 | "Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 62 | 8-71339-2-19-08 | |
4 | "Алға аудандық аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Алға қаласы, 5 мөлтек ауданы, 4 | 8-71337-4-26-38 | |
5 | "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қарауылкелды ауылы, Д.Қонаев көшесі, 36 | 8-71345-22-1-72 | |
6 | "Мәртөк аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36 | 8-71331-21-5-55 | |
7 | "Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы, 2 | 8-71333-3-06-72 | |
8 | "Темір аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 5 | 8-71346-2-24-52 | |
9 | "Ойыл аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 | 8-71332-2-19-40 | |
10 | "Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Хромтау қаласы, Горький көшесі, 9 | 8-71336-21-1-41 | |
11 | "Шалкар ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, 47 а | 8-71335-49-2-78 | |
12 | "Ырғыз аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі, 7 | 8-71343-21-2-21 | |
13 | "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38 | 8-71342-22-2-06 | |
14 | "Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қобда ауылы, Астана көшесі, 48 | 8-71341-2-20-12 |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістер анықтамалығы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 172 қаулысына 2-қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 қаулысымен бекітілді |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі- мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің, регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген облыстық және аудандық маңызы бар кәсіпкерлік бөлімдерімен (бұдан әрі- Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері) ұсынылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. 180 миллион теңгеден астам кредиттер бойынша - облыстың индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасынан үзінді мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 760 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13233 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 2-қосымшасына сәйкес өтінішті ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде оларды орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініш және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру.
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жобалары бойынша материалдарды дайындап, ӨҮК-нің қарауына шығарады;
Нәтижесі - материалдарды ӨҮК-нің қарауына шығару.
5) ӨҮК 10 (он) жұмыс күні ішінде жобалардың бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін қарайды және кепілдендіру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
Нәтижесі - шешім қабылдау және ӨҮК хаттамасын рәсімдеу.
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ӨҮК хаттамасынан үзінді береді.
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзінді беру.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына беру.
3) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысына беру.
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушылардың жобалары бойынша материалдарды дайындап, ӨҮК-нің қарауына шығарады;
Нәтижесі – материалдарды ӨҮК-нің қарауына шығару.
6) ӨҮК 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобалардың бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін қарайды және кепілдендіру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
Нәтижесі - шешім қабылдау және ӨҮК хаттамасын рәсімдеу.
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ӨҮК хаттамасынан үзінді береді;
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзінді беру.
8) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының үзіндісімен қоса хат дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
Әрекеттің нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға жолдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) Өңірлік үйлестіру кеңесі;
5) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері;
6) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы;
7) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы.
8. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері (іс-әрекеттері) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жобалары бойынша материалдарды дайындап, ӨҮК-нің қарауына шығарады;
5) ӨҮК 10 (он) жұмыс күні ішінде жобалардың бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін қарайды және кепілдендіру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ӨҮК хаттамасынан үзінді береді.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына береді;
3) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысына береді;
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушылардың жобалары бойынша материалдарды дайындап, ӨҮК-нің қарауына шығарады;
6) ӨҮК 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобалардың бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін қарайды және кепілдендіру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ӨҮК хаттамасынан үзінді береді;
8) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының үзіндісімен қоса хат дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілерінің тізімі
№ | Көрсетілетін қызметті беруші және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілерінің атауы | Орналасқан жердің заңды мекен-жайы (көше, үйдің №) | Телефон нөмірі | Жұмыс кестесі |
1 | "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 | 8-7132 -74-21-86 | Демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. |
2 | "Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2 | 8-7132-22-16-06 | |
3 | "Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 62 | 8-71339-2-19-08 | |
4 | "Алға аудандық аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Алға қаласы, 5 мөлтек ауданы, 4 | 8-71337-4-26-38 | |
5 | "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қарауылкелды ауылы, Д.Қонаев көшесі, 36 | 8-71345-22-1-72 | |
6 | "Мәртөк аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36 | 8-71331-21-5-55 | |
7 | "Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы, 2 | 8-71333-3-06-72 | |
8 | "Темір аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 5 | 8-71346-2-24-52 | |
9 | "Ойыл аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 | 8-71332-2-19-40 | |
10 | "Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Хромтау қаласы, Горький көшесі, 9 | 8-71336-21-1-41 | |
11 | "Шалкар ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, 47 а | 8-71335-49-2-78 | |
12 | "Ырғыз аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі, 7 | 8-71343-21-2-21 | |
13 | "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38 | 8-71342-22-2-06 | |
14 | "Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қобда ауылы, Астана көшесі, 48 | 8-71341-2-20-12 |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістер анықтамалығы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 172 қаулысына 3-қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 қаулысымен бекітілді |
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің, регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген облыстық және аудандық маңызы бар кәсіпкерлік бөлімдерімен (бұдан әрі- Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері) ұсынылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
3. Грантты беру туралы шарт мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 760 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13233 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес өтінімге қоса құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде оларды орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне өтінімге қоса Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, қарау үшін және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру үшін одан әрі жауапты орындаушыға береді;
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру.
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және барлық құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының материалдарын Конкурстық комиссияның қарауына шығарады;
Нәтижесі – материалдарды Конкурстық комиссияның қарауына шығару.
5) Конкурстық комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың бизнес-жобаларын қарайды және грант беру (беруден бас тарту) туралы ұсынымдар береді, ол Конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткеннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей хаттамамен рәсімделеді;
Нәтижесі – Конкурстық комиссия хаттамасын рәсімдеу.
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның хаттамасын Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) қарауына жолдайды;
Нәтижесі – Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК қарауына жолдау.
7) ӨҮК 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның ұсынымдарын қарайды, талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктейді және грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
Нәтижесі – шешім қабылдау және ӨҮК отырысының хаттамасын рәсімдеу.
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ӨҮК шешімі туралы хабарлама жолдайды және мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша ӨҮК хаттамасынан үзіндіні Конкурстық комиссия мүшелеріне береді;
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны хабарландыру және ӨҮК хаттамасынан үзінді беру.
9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ӨҮК-нің оң шешімі болған жағдайда ӨҮК отырысының хаттамасы бекітілгеннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде грант беру туралы шартқа қол қояды.
Нәтижесі – грант беру туралы шартқа қол қою.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына беру.
3) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, қарау үшін және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру үшін одан әрі жауапты орындаушыға береді;
Нәтижесі – құжаттарды Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысына беру.
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
Нәтижесі – құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы барлық құжаттарды және ақпаратты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде материалдарды Конкурстық комиссияның қарауына шығарады;
Нәтижесі – материалдарды Конкурстық комиссияның қарауына шығару.
6) Конкурстық комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың бизнес-жобаларын қарайды және грант беру (беруден бас тарту) туралы ұсынымдар береді, ол Конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткеннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей хаттамамен рәсімделеді;
Нәтижесі – Конкурстық комиссияның хаттамасын рәсімдеу.
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК қарауына жолдайды;
Нәтижесі – Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК қарауына жолдау.
8) ӨҮК 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның ұсынымдарын қарайды, талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктейді және грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
Нәтижесі – шешім қабылдау және ӨҮК отырысының хаттамасын рәсімдеу.
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ӨҮК шешімі туралы хабарлама жолдайды және мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша ӨҮК хаттамасынан үзіндіні Конкурстық комиссия мүшелеріне береді;
Нәтижесі - Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін хабарландыру және ӨҮК хаттамасынан үзінді беру.
10) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны ӨҮК-мен қабылданған шешім туралы хабарландырады;
Нәтижесі – ӨҮК-мен қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабарландыру.
11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ӨҮК-нің оң шешімі болған жағдайда ӨҮК отырысының хаттамасы бекітілгеннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде грант беру туралы шартқа қол қояды.
Нәтижесі – грант беру туралы шартқа қол қою.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) Конкурстық комиссия;
5) Өңірлік үйлестіру кеңесі;
6) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері;
7) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы;
8) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы.
8. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері (іс-әрекеттері) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, қарау үшін және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру үшін одан әрі жауапты орындаушыға береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және барлық құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының материалдарын Конкурстық комиссияның қарауына шығарады;
5) Конкурстық комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың бизнес-жобаларын қарайды және грант беру (беруден бас тарту) туралы ұсынымдар береді, ол Конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткеннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей хаттамамен рәсімделеді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК-нің қарауына жолдайды;
7) ӨҮК 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның ұсынымдарын қарайды, талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктейді және грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ӨҮК шешімі туралы хабарлама жолдайды және мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша ӨҮК хаттамасынан үзіндіні Конкурстық комиссия мүшелеріне береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ӨҮК-нің оң шешімі болған жағдайда ӨҮК отырысының хаттамасы бекітілгеннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде грант беру туралы шартқа қол қояды.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына береді;
3) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштама қойып, қарау үшін және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру үшін одан әрі жауапты орындаушыға береді;
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы барлық құжаттарды және ақпаратты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде материалдарды Конкурстық комиссияның қарауына шығарады;
6) Конкурстық комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың бизнес-жобаларын қарайды және грант беру (беруден бас тарту) туралы ұсынымдар береді, ол Конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткеннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей хаттамамен рәсімделеді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК қарауына жолдайды;
8) ӨҮК 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның ұсынымдарын қарайды, талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктейді және грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ӨҮК шешімі туралы хабарлама жолдайды және мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша ӨҮК хаттамасынан үзіндіні Конкурстық комиссия мүшелеріне береді;
10) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны ӨҮК-мен қабылданған шешім туралы хабарландырады;
11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ӨҮК-нің оң шешімі болған жағдайда ӨҮК отырысының хаттамасы бекітілгеннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде грант беру туралы шартқа қол қояды.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Бизнестің жол картасы- 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Көрсетілетін қызметті беруші және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілерінің тізімі
№ | Көрсетілетін қызметті беруші және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілерінің атауы | Орналасқан жердің заңды мекен-жайы (көше, үйдің №) | Телефон нөмірі | Жұмыс кестесі |
1 | "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 | 8-7132 -74-21-86 | Демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. |
2 | "Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2 | 8-7132-22-16-06 | |
3 | "Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 62 | 8-71339-2-19-08 | |
4 | "Алға аудандық аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Алға қаласы, 5 мөлтек ауданы, 4 | 8-71337-4-26-38 | |
5 | "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қарауылкелды ауылы, Д.Қонаев көшесі, 36 | 8-71345-22-1-72 | |
6 | "Мәртөк аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36 | 8-71331-21-5-55 | |
7 | "Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы, 2 | 8-71333-3-06-72 | |
8 | "Темір аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 5 | 8-71346-2-24-52 | |
9 | "Ойыл аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 | 8-71332-2-19-40 | |
10 | "Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Хромтау қаласы, Горький көшесі, 9 | 8-71336-21-1-41 | |
11 | "Шалкар ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, 47 а | 8-71335-49-2-78 | |
12 | "Ырғыз аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі, 7 | 8-71343-21-2-21 | |
13 | "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38 | 8-71342-22-2-06 | |
14 | "Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Қобда ауылы, Астана көшесі, 48 | 8-71341-2-20-12 |
"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістер анықтамалығы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 172 қаулысына 4-қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 қаулысымен бекітілді |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің, регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген облыстық және аудандық маңызы бар кәсіпкерлік бөлімдерімен (бұдан әрі- Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері) ұсынылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
3. Облыстың индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасынан үзінді мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінімге қоса Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 760 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13233 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде оларды орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне еркін нысандағы өтінімге қоса Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарау үшін одан әрі жауапты орындаушыға береді;
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру.
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, жобалардың тізімін дайындайды және ӨҮК қарауына шығарады;
Нәтижесі - жобаларды ӨҮК-нің қарауына шығару.
5) ӨҮК жобалар тізімін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды. Талқылау нәтижелері бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
Нәтижесі – шешім қабылдау және ӨҮК отырысының хаттамасын рәсімдеу.
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ӨҮК хаттамасынан үзінді береді;
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзінді беру.
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оң шешім қабылданған жағдайда бюджеттік өтінімді дайындайды және қажетті құжаттарымен қоса уәкілетті органға жолдайды.
Нәтижесі - уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жолдау.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкеріне құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минуттан аспайтын уақытта құжаттарды (лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып) журналға тіркейді және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына береді;
Нәтижесі – құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысына беру.
3) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы бұрыштама қояды және құжаттарды қарау үшін одан әрі жауапты орындаушыға береді;
Нәтижесі – құжаттарды Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысына беру.
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, жобалардың тізімін дайындайды және ӨҮК қарауына шығару үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
Нәтижесі – жобаларды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, жобалардың тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады;
Нәтижесі – жобаларды ӨҮК-нің қарауына шығару.
6) ӨҮК жобалар тізімін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды. Талқылау нәтижелері бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді;
Нәтижесі – шешім қабылдау және ӨҮК отырысының хаттамасын рәсімдеу.
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ӨҮК хаттамасынан үзінді береді;
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзіндіні Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне беру.
8) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасынан үзіндімен қоса хат дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
Нәтижесі - ӨҮК хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға жолдау.
9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оң шешім қабылданған жағдайда бюджеттік өтінімді дайындайды және қажетті құжаттарымен қоса уәкілетті органға жолдайды.
Нәтижесі –уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жолдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) Өңірлік үйлестіру кеңесі;
5) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің кеңсе қызметкері;
6) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің басшысы;
7) бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің жауапты орындаушысы;