1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 "2016 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4746 болып тіркелген, 2016 жылғы 19-20 ақпанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 % -ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері және талаптары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 231 қаулысына 1-қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 қаулысына 1-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері
№ | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлік | 1 басқа субсидия нормативі, теңге |
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 000 |
2. | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату: | х | х |
2.1. | алыс шетелден әкелінген етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 83 000 |
2.2. | 1-санаттағы мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңдары | бас | 40 000 |
2.3. | орташа жылдық сауымы 5000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 80 000 |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 231 қаулысына 2-қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 қаулысына 2-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер және талаптар
№ | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшемдер және талаптар |
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | 1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы; 2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы. |
2. | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату | 1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін: мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы. 2. Орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін: өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг кем болмауы тиіс. 3. 1-санаттағы мал бордақылау алаңдары үшін: мүйізді ірі қара малдары ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркелінуі (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады). |