Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2016 жылғы 5 мамырдағы № 154 ұсынысы негізінде, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдарының арасында пастереллез ауруының анықталуына байланысты Бұлақ ауылдық округіне қарасты Әлия ауылы аумағында шектеу іс – шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұлақ ауылдық округінің әкімі: | А.Темірбай |