Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 290 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 тамызда № 5028 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 526 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 13.12.2016 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орманда өрт қаупі жоғары кезеңде 1 сәуірден 31 қазанға дейін жеке тұлғалардың Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады