"Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 86 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 5193 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 364-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 тіркелген, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4685 тіркелген, 2016 жылғы 26-27 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Облыстың жергілікті өкілді органы мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында облыс аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Облыстың жергілікті атқарушы органы облыстың аумағында орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Облыстың жергілікті өкілді органы мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.";
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Су пайдаланушы облыстың жергілікті өкілді органынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
      А. ТУЛЕГЕНОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады