1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 430 "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4657 тіркелген, 2016 жылғы 9-11 қаңтардағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 433 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 430 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысы жойылсын.
3. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т.Шерияздановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |