"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 430 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 4657 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 26.12.2016 № 546 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 430 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 217 "Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының атауын өзгерту туралы" қаулысының 2-тармағы;
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 402 "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің кейбір мәселелері туралы" қаулысының 2-тармағы;
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 361 "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 430 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      3. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары және өкілдіктері жоқ.
      4. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтобе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      6. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатыныстарға өз атынан түседі.
      7. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
       9. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40.
      11. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      14. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықты жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту, жоғарғы біліктілікті спортшылар және облыстың спортшылар резервін дайындау болып табылады.
      16. Облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту - "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті болып табылады.
      17. Функциялары:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;
      3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта тұрғындар үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
      7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат спорт атағын, 1-разрядты спортшы спорттық разрядын береді;
      8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
      9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
      10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
      11) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      13) заңнамаға сәйкес облыстық байқау-конкурстардың, облыс көлемінде өткізілетін облыстық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мақтау қағаздарымен, дипломдармен, жүлделермен (заттай, ақшалай) марапаттайды;
      14) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      15) мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру-спорт бірлестіктерімен бірлесе отырып, облыс деңгейіндегі спорттық іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады;
      16) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
      17) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
      18) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
      19) спорт саласында қоғамдық қолдауды қалыптастырады және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекет жасайды;
      20) Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      21) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      22) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      23) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
      24) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
      25) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
      26) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      Құқықтары:
      1) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелерін қарауға;
      2) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша сот органдарында талапкер немесе жауапкер болуға;
      3) жарыстар республикадан тыс жерде өтетін болса спортшыларға, ресми спорттық делегацияларға құзырлар шектердегi сыртқа шығу құжаттарын рәсімдеуге (визалар, сауалнамалар, консулдық жарна және т.б.) көмек беруге;
      4) басқармаға бағынысты ведомстволық ұйымдар басшыларына белгіленген тәртіппен аттестация өткізу;
      5) акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылы капиталдық қатысу үлесін, өкімдік ету құқығынсыз, иеленеалады және пайдаланалады;
      Міндеттері:
      1) оның құзырларына кiретiн мәселелерді шешкенде Қазақстан Республикасының қолданыстаға заңнамасын сақтау;
      2) өз құзырлары шектердегi сыбайлас жемқорлықпен күрестi жүргізу;

3. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен функциялардың жүзеге асырылуына тікелей жауапты;
      2) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдауға бағытталған басшының тікелей жауапкершілігімен белгіленетін шаралар қабылдау;
      3) басқарма басшысының орынбасарларының жауапкершілік деңгейін белгілейді;
      4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
      "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың тiзiмi

      1) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жастар" облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резервінің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Футболдан облыстық балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бокстан олимпиада резервін даярлайтын облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жүзуден олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ат спортының түрлері бойынша № 10 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Спорттың түрлері бойынша № 11 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимпиада резервін даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Теннистен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Намыс" спорттың ойындық түрлері клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      15) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      17) "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Достық" су спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады