Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсандағы № 188 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 28 желтоқсанда № 3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда және 2014 жылғы 16 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларындағы:
2 бөлімнің 7 тармағы келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
2 бөлімнің 8 тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"8. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:";
2 бөлімнің 8 тармағы келесі мазмұндағы 10) және 11) тармақшаларымен толықтырылсын:
"10) ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнетақы төлемдерін алушыларға 21-23 наурыз – Наурыз мейрамына орай, 11,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
"11) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, 21-23 наурыз – Наурыз мейрамына орай, 11,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
3 бөлімнің 19 тармағы "1) - 5) тармақшаларында" сөздерімен сандарынан кейін, "және 10) және 11) тармақшаларында" сөздерімен және сандарымен толықтырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрайымы |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
А. Бекенова | С. Шынтасова |
Б. Бисенғалиева |