1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 1973 "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 9 маусымында № 4952 болып тіркелген, 2016 жылдың 23-24 маусымында "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасының 11 жолында "мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері" және "бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны" бағаналардағы "16 203" сандары "19 354" сандарымен өзгертілсін;
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 12 жолмен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары М.Қабылға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі | І.Испанов |
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 1973 қаулысына қосымша |
|
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 4498 қаулысына қосымша |
12 | "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің № 51 "Жарқын бала" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, (Қарғалы ауылы) | 10,5 сағат | 320 | 24 000 | 24 000 | 400 |