Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 28 желтоқсанда № 5179 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.09.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.07.2023 № 55 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      В.Гринберг С. Шынтасова
      "Келісілді"
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Қ.Отаров

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 114 шешімімен бекітілді

Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.09.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек шаралары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігін ЖАО ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.

2. Әлеуметтік көмек көрсету, алушылартізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацта көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - бұрынғы КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      Ауғанстанда әскери қызметiн өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларына қатысқан адамдарға 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 08.02.2024 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға, "Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімдеріне сәйкес (алушының шот нөмірінің және жеке куәлігінің көшірмелері) құжаттарды қоса бере отырып амбулаториялық емдеу кезеңіне жылына 6 ай шегінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;

      2) әлеуметтік мәні бар аурулары (қатерлі ісіктер) бар адамдарға, алушының екінші деңгейдегі банктегі шот нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерін көрсете отырып Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тізімдеріне сәйкес амбулаториялық емдеу кезеңіне жылына 6 ай шегінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;

      3) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, алушының екінші деңгейдегі банктегі шот нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерін көрсете отырып "Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімдеріне сәйкес амбулаториялық емдеу кезеңіне жылына 6 ай шегінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;

      4) республикалық орталықтарда полихимиотерапияның негізгі курстарын алатын және (немесе) тұрғылықты жері бойынша химиотерапияның қолдаушы курстарын жалғастыратын он сегіз жасқа дейінгі онкологиялық аурулардан (қатерлі ісіктерден) зардап шегетін балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, алушының екінші деңгейдегі банктегі шот нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерін көрсете отырып "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тізімдеріне сәйкес жылына 6 ай шегінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;

      5) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының анықтамасына сәйкес, диспансерлік есепте тұрған адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған он сегіз жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын Ақтөбе облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде.

      9. Бір рет берілетін әлеуметтік көмек алушыларға мынадай негіздер бойынша беріледі:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей жүгінген адамдарға, табысы есепке алынбай 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға), осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей табысы есепке алынбай 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3) отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын аз қамтылған отбасыларға (адамдарға) 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерінде.

      10. Осы Қағиданың 7, 8, 9-тармақтарында көрсетілген адамдарға, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса көрсетіледі.

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      13. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақтөбе қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      15. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

3-тарау. Қорытынды ереже

      17. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 114 шешіміне қосымша

Ақтөбе қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсандағы № 188 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда және 2014 жылғы 16 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылдың 10 маусымдағы № 336 "Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы № 188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4405 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      3) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылдың 25 желтоқсандағы № 395 "Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4713 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 ақпанда және 2015 жылғы 17 ақпанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      4) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылдың 17 ақпандағы № 421 "Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы № 188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4793 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда және 2016 жылғы 25 наурызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      5) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылдың 27 шілдедегі № 81 "Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы № 188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5042 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте және 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе

Решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 23 ноября 2016 года № 114. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 28 декабря 2016 года № 5179. Утратило силу решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 30 мая 2024 года № 173

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 30.05.2024 № 173 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок - в редакции решения маслихата города Актобе Актюбинской области от 25.09.2023 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат города Актобе РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула – в редакции решения маслихата города Актобе Актюбинской области от 20.07.2023 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе.

      2. Признать утратившим силу некоторые решения маслихата города Актобе согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата города Актобе
Секретарь маслихата города Актобе
      В.Гринберг С. Шинтасова
      "Согласовано"
Руководитель управления координации
занятости и социальных программ
Актюбинской области
К.Утаров

  Утверждены решением
маслихата города Актобе
от 23 ноября 2016 года № 114

Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Актобе

      Сноска. Правила - в редакции решения маслихата города Актобе Актюбинской области от 25.09.2023 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Актобе (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима города Актобе, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь – помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее - МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Актобе";

      6) прожиточный минимум - минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) уполномоченный государственный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования;

      10) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно зарегистрированных и проживающих в городе Актобе.

      4. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьи 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального кодекса, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" (далее – Закон), оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      6. Перечни праздничных дней и памятных дат для оказания социальной помощи, а также кратность оказания социальной помощи устанавливаются местными представительными органами по представлению МИО.

Глава 2. Порядок оказания социальной помощи, определения перечня получателей и установления размеров социальной помощи

      7. Единовременная социальная помощь к праздничным дням без учета доходов оказывается:

      1) ко Дню Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны в размере 2 140 000 (два миллиона сто сорок тысяч) тенге;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств в размере 230 000 (двести тридцать тысяч) тенге;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона за исключением лиц, указанных в абзаце пятом подпункта 1) пункта 7 настоящих Правил в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии в размере 230 000 (двести тридцать тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - бывшего Союза ССР) за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умерших участников Великой Отечественной войны, которые не вступали в повторный брак в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      родителям и супруге, не вступившей в повторный брак, военнослужащих, умерших после прохождения воинской службы в Афганистане в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      2) ко Дню Конституции Республики Казахстан - 30 августа:

      лицам с инвалидностью первой, второй, третьей групп, получающие государственные социальные пособия, детям с инвалидностью, детям с инвалидностью первой, второй, третьей групп в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3) ко Дню Независимости Республики Казахстан - 16 декабря:

      лицам, принимавшим участия в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, установленным Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" в размере 120 000 (сто двадцать тысяч) тенге.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 08.02.2024 № 144 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Ежемесячная социальная помощь без учета доходов оказывается:

      1) лицам, больным различными формами туберкулеза, согласно списков государственного коммунального предприятия "Актюбинский областной фтизиопульмонологический центр" государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" с приложением документов (копии удостоверения личности и номера счета получателя в банке второго уровня) на период амбулаторного лечения в пределах 6 месяцев в году в размере 40 000 (сорок тысяч) тенге;

      2) лицам, имеющим социально значимые заболевания (злокачественные новообразования), согласно списков государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" с указанием сведений получателя о номере счета в банке второго уровня и индивидуальном идентификационном номере на период амбулаторного лечения в пределах 6 месяцев в году в размере 40 000 (сорок тысяч) тенге;

      3) лицам, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, состоящих на диспансерном учете, согласно списков государственного коммунального предприятия "Областной центр по профилактике и борьбе со СПИД" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" с указанием сведений получателя о номере счета в банке второго уровня и индивидуальном идентификационном номере на период амбулаторного лечения в пределах 6 месяцев в году в размере 40 000 (сорок тысяч) тенге;

      4) родителям или иным законным представителям детей до восемнадцати лет, страдающим онкологическими заболеваниями (злокачественные новообразования), получающие основной курс полихимиотерапии в республиканских центрах и (или) продолжающие поддерживающие курсы химиотерапии по месту жительства, согласно списков государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" с указанием сведений получателя о номере счета в банке второго уровня и индивидуальном идентификационном номере в пределах 6 месяцев в году в размере 40 000 (сорок тысяч) тенге;

      5) родителям или иным законным представителям детей до восемнадцати лет, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, состоящих на диспансерном учете, согласно справки с государственного коммунального предприятия "Областной центр по профилактике и борьбе со СПИД" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" ежемесячно в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума Актюбинской области.

      9. Единовременная социальная помощь оказывается получателям, по следующим основаниям:

      1) лицам, освобожденным из мест лишения свободы, обратившиеся не позднее трех месяцев с момента освобождения без учета дохода в размере 40 000 (сорок тысяч) тенге;

      2) лицам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара, обратившиеся не позднее шести месяцев с момента наступления такой ситуации без учета дохода в размере 300 000 (триста тысяч) тенге.

      3) малообеспеченным семьям (лицам), со среднедушевым доходом семьи (гражданина) не превышающий однократного размера прожиточного минимума в размере не более 100 000 (сто тысяч) тенге.

      10. Социальная помощь лицам, указанным в пунктах 7, 8, 9 настоящих Правил оказывается если они не находятся на полном государственном обеспечении.

      11. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан, предоставляется, если среднедушевой доход семьи (гражданина) за предшествовавший на момент обращения квартал не превышает однократного размера прожиточного минимума по Актюбинской области.

      12. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      13. Социальная помощь к праздничным дням оказывается без истребования заявлений от получателей.

      14. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города Актобе на текущий финансовый год.

      15. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

      16. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

Глава 3. Заключительное положение

      17. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение к решению
маслихата города Актобе
от 23 ноября 2016 года №114

Перечень некоторых решений маслихата города Актобе, признанных утратившими силу

      1) решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3726, опубликованное 9 января 2014 года и 16 января 2014 года в газетах "Актюбинский вестник" и "Ақтөбе");

      2) решение маслихата города Актобе от 10 июня 2015 года № 336 "О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4405, опубликованное 14 июля 2015 года в газетах "Актюбинский вестник" и "Ақтөбе");

      3) решение маслихата города Актобе от 25 декабря 2015 года № 395 "О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4713, опубликованное 9 февраля 2016 года и 17 февраля 2016 в газетах "Актюбинский вестник" и "Ақтөбе");

      4) решение маслихата города Актобе от 17 февраля 2016 года № 421 "О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4793, опубликованное 22 марта 2016 года и 25 марта 2016 в газетах "Актюбинский вестник" и "Ақтөбе");

      5) решение маслихата города Актобе от 27 июля 2016 года № 81 "О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5042, опубликованное 9 сентября 2016 года и 8 сентября 2016 в газетах "Актюбинский вестник" и "Ақтөбе").