"Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 21 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 4813 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 121 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 29.06.2016 № 121 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
      2. Қоса беріліп отырған "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Б.Рахметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Бердалин

  Әйтеке би ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 15 ақпандағы № 21 қаулысымен бекітілген

"Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030100,
      Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Жүргенов көшесі, 62.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Әйтеке би ауданының агроөнеркәсіп кешенінде егін шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларын дамыту.
      15. Міндеттері:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсіптік кешенінің нарықтық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға қолдау жасау;
      3) ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа техникалар мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу;
      4) ауыл шаруашылығын техникалық жарақтандыруға қатысу;
      5) ауыл шаруашылығында жергілікті және шет елдердің жаңа жетістіктерін оқып танысу және насихаттау;
      6) ауданның агроөнеркәсiптiк құрылымдарын инвестициялауды жүзеге асыру;
      7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің әрбір түріне субсидияны іске асыру;
      8) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу;
      9) зиянды ағзаларға фитосанитарлық мониторинг жүргізуде жеке және
      заңды тұлғаларға әдістемелік көмек көрсету, сонымен қатар өсімдік қорғау туралы аудан тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
      16. функциялары:
      1) экономикалық және статистикалық ақпаратты жинау және талдау, тұтынушылық сұранысты талдау, сату нарығының жағдайы (маркетингтік зерттеулер), ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілердің қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау, экспорт бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу;
      2) ауыл шаруашылығы өндірісі мен өңдеу өнеркәсіптерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасау;
      3) Әйтеке би ауданы аграрлық секторының өндірістік қызметінің талдауын жүзеге асыру;
      4) ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру;
      5) ауыл шаруашылығы техникаларын басқару құқығына емтихан қабылдау және жүргізу куәліктерін беру;
      6) ауыл шаруашылығы техникаларының жыл сайынғы техникалық байқауын жүргізу;
      7) ауыл шаруашылығы техникаларының кепілін тіркеу;
      8) ауыл шаруашылығы техникаларын сенімхатпен басқаратын азаматтарды тіркеу;
      9) ауыл шаруашылығы техникаларына ауыртпалық туралы анықтама беру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар сұрату және алу;
      2) өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде, мемлекеттік меншікке жататын мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Әйтеке би ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді; "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамаларда өзгеше көзделмесе, "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және
      қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады