Әйтеке би ауданы әкімінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 04 "2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 қарашада № 5117 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптары, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әйтеке би ауданы әкімінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 04 "2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4669 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Умирзаковаға жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданының әкімі А. Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады