"Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінайқындау қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 292 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 96 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 5230 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 159 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 22.11.2017 № 159 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 292"Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4733 тіркелген, 2016 жылы 3 наурызында"Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      2 тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1) Азаматтарға арналған үкімет" корпорациялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік копорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – Әлеуметтік төлемдерді ведомтсвоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Әйтеке би аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";

      1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;

      8) тармақша алып тасталсын;

      17 тармақтың 6) тармақшасы және 18 тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессия төрағасы
Б.Сейлханов
Аудандық мәслихаттыңхатшысыЕ.Таңсықбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облыстықжұмыспенқамтуды
үилестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
_________________________ Қ.Отаров
"_____"__________________2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады