Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 18.08.2017 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6 тармақшасына, 27 - бабының 1 - тармағының 1) -тармақшасына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданыңда мүгедектер үшін, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Джалгаспаевқа жүктелсін .
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Абдуллин. |