Байғанин ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 ақпанда № 4727 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Байғанин ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ш. Спановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі М. Аққағазов

  Байғанин аудандық әкімдігінің 28 қаңтар 2016 ж. № 17қаулысына қосымша

Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан,город)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

1

Байғанин ауданы

744

      Кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

Қалалық жерде

Ауылдық жерде

Қалалық жерде

Ауылдық жерде

Қалалық жерде

Ауылдық жерде

31300

      Кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

6000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады